Елорда жаңалықтары

Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығында жаңа рекорд орнады

Жиналған қауым алдымен Қажымұқан ауылындағы балуанның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Турнирдің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев және Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова,  Қазақстандық спортшылар Одағының төрағасы Азамат Қарлығашев қатысты. Сонымен қатар шараға жиналғандар алдында Қажымұқан Мұңайтпасұлының бүгінгі ізбасары, күш жаттығуынан әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Қазақстанның он екі дүркін рекордшысы Сергей Цырульников өнер көрсетті. https://www.youtube.com/watch?v=91dheSrnRo0 Ол әрқайсысы 500 келіден аса салмаққа шыдас беретін қос тағаны иіп, Қазақстан рекордын орнатты. Рекордты Қазақстанның рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов тіркеп, Цырульниковке арнайы сертификат табыс етті. Аталған рекорд бұған дейін 2009 жылы Еуропа елінде орнатылған. Онда атлет қос тағаны 49 секунд ішінде иген болатын. Айта кетейік, Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1971 жылы 7 сәуір күні Ақмола облысы Қараөткел ауылында дүниеге келген. Жаурыны жер иіскеп көрмеген қазақтың тұңғыш кәсіпқой балуаны алты құрлықтың 30 шақты елінде әлемнің небір мықты балуанымен белдескен. Бүгінде 50-ге жуық «алтын», «күміс» медалі сақтаулы болса, одан бөлек көптеген марапаты Челябідегі циркте отқа оранған деседі. Естеріңізге салсақ, бұған дейін елорда жастарының Қажымұқанның 150 жылдығына орай челлендж бастағанын хабарлаған болатынбыз. Челленджге қатысу үшін әртүрлі спорт түрінен 150 мәрте жасаған жаттығуын видеоға түсіріп, Instagram-да #ҰлыДалаБатырыменБірТолқында #Қажымұқан150жыл хештегтерімен жариялауы тиіс. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және спорт клубтарына берілетін сертификаттармен марапатталады. Челлендж 10 сәуірге дейін жалғасады.

-->