Астаналықтар тәулігіне қанша тонна су қолданады
Уәсила Әуезованың сөзінше, астаналықтар тәулігіне 280 тонна су қолданады. Сонымен қатар ол халықаралық стандарт бойынша аккредитациядан өткен зертхана тек елорда ғана емес, басқа да өңірлердің суына талдау жасауға қауқарлы екенін атап өтті. «Есіл өзенінің жоғары жағынан келетін су мен «Астана» («Вячеславка») су қоймасының және жаңбырдың, қардың суы қосылып, «Астана су арнасының» су қоймасы толықтырылып отырады. Тек 2013 жылы ғана қалада судың тапшылығы болды. Одан бері жаңбыр да, қар да көп жауды. Бүгінде су қоры жеткілікті. 450 млн текше метрді құрайтын кәсіпорынның су қоймасы қазіргі уақытта толып тұр, – деді Уәсила Әуезова. Оның айтуынша, су мөлшері көп жұмсалатын уақыт – мамыр, маусым, шілде айлары. «Бұл уақытта жекеменшік секторлардағы үйлер бау-бақшаларын суарады, көлік жуу орындары да суды көп қолданады. Сол кезде өте көп мөлшерде кететіндіктен, біздегі екі су сорғыш та 100 пайыз жұмыс істейді. Қалаға берілетін судың бәрі су сорғыштар арқылы өтетіндіктен, көктем-жаз айларында электр энергиясы да көп жұмсалады. Бұл үдеріс 15 тамыздан кейін ғана біраз саябырлайды. Ал қыстың күндері қордағы су да, электр энергиясы да біршама үнемделеді», - деді «Астана су арнасы» МКК зертхана бастығы.
--> «Зертхана жапон мен немістің заманауи технологияларымен жабдықталған. Мамандар қалаға беріліп жатқан судың құрамына талдау жасап, микробиологиялық, вирусологиялық, химиялық құрамдарын, сапасын тіпті әр сағат сайын тексеріп отырады», - деді зертхана бастығы.Уәсила Әуезованың сөзінше, астаналықтар тәулігіне 280 тонна су қолданады. Сонымен қатар ол халықаралық стандарт бойынша аккредитациядан өткен зертхана тек елорда ғана емес, басқа да өңірлердің суына талдау жасауға қауқарлы екенін атап өтті. «Есіл өзенінің жоғары жағынан келетін су мен «Астана» («Вячеславка») су қоймасының және жаңбырдың, қардың суы қосылып, «Астана су арнасының» су қоймасы толықтырылып отырады. Тек 2013 жылы ғана қалада судың тапшылығы болды. Одан бері жаңбыр да, қар да көп жауды. Бүгінде су қоры жеткілікті. 450 млн текше метрді құрайтын кәсіпорынның су қоймасы қазіргі уақытта толып тұр, – деді Уәсила Әуезова. Оның айтуынша, су мөлшері көп жұмсалатын уақыт – мамыр, маусым, шілде айлары. «Бұл уақытта жекеменшік секторлардағы үйлер бау-бақшаларын суарады, көлік жуу орындары да суды көп қолданады. Сол кезде өте көп мөлшерде кететіндіктен, біздегі екі су сорғыш та 100 пайыз жұмыс істейді. Қалаға берілетін судың бәрі су сорғыштар арқылы өтетіндіктен, көктем-жаз айларында электр энергиясы да көп жұмсалады. Бұл үдеріс 15 тамыздан кейін ғана біраз саябырлайды. Ал қыстың күндері қордағы су да, электр энергиясы да біршама үнемделеді», - деді «Астана су арнасы» МКК зертхана бастығы.