COVID-19: әскери дәрігерлер арнайы даярлықтан өтіп жатыр
Әскери дәрігерлер іс-қимыл тәртібін қарап, қауіпті инфекцияның белгілері немесе диагнозы қойылған кезде қызметкерлерге хабарлау сызбасын пысықтады. «Жаппай келіп түсіп жатқан науқастарды алғашқы бөлу және орналастыру ережелері, тексеру әдістері ерекше назарға алынды. Бұл мәселелер басшылық, дәрігерлер, медицина персоналдарының практикалық сабағының бір бөлігі ретінде жан-жақты талданды. Сабақ барысында инфекцияның таралу қауіпсіздігінің ережелерін сақтау, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, жұқтыру аймағында болу және ол жерден шыққандағы мәселелер егжей-тегжейлі пысықталды», делінген министрліктің хабарламасында. Оқу-жаттығуға қатысушылар сондай-ақ, шұғыл жағдайда жинақы және жедел жұмыс істеу, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қамтамасыз ету мен науқастарға сапалы медициналық көмек беруге қажетті кәсіптік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетті.
-->Әскери дәрігерлер іс-қимыл тәртібін қарап, қауіпті инфекцияның белгілері немесе диагнозы қойылған кезде қызметкерлерге хабарлау сызбасын пысықтады. «Жаппай келіп түсіп жатқан науқастарды алғашқы бөлу және орналастыру ережелері, тексеру әдістері ерекше назарға алынды. Бұл мәселелер басшылық, дәрігерлер, медицина персоналдарының практикалық сабағының бір бөлігі ретінде жан-жақты талданды. Сабақ барысында инфекцияның таралу қауіпсіздігінің ережелерін сақтау, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, жұқтыру аймағында болу және ол жерден шыққандағы мәселелер егжей-тегжейлі пысықталды», делінген министрліктің хабарламасында. Оқу-жаттығуға қатысушылар сондай-ақ, шұғыл жағдайда жинақы және жедел жұмыс істеу, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қамтамасыз ету мен науқастарға сапалы медициналық көмек беруге қажетті кәсіптік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетті.