Панкратионнан Қазақстан чемпионатында елордалық команда үздік атанды
Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша командалық есепте Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары 12 алтын, 4 күміс, 9 қола жүлдемен бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға Шығыс Қазақстан облысының спортшылары жайғасса, үздік үштікті Шымкент қаласының панкратион шеберлері түйіндеді. Ересектер арасында спортшыларымыз елорда қоржынына 8 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдені салды. Панкратионның «традишн» бөлімінде Көшен Ақанов (66 кг), Әли Қабдулла (74 кг), Дияр Нұрғожай (100 кг) қарсылас шақ келтірмесе, «элит» бөлімінде Алмаз Сәрсембеков (60 кг), Сәбит Жүсіпов (66 кг), Аслан Ораз, Мұратбек Қасымбай, Имран Тайсұлтанов (84 кг) сынды спортшыларға тең келер ешкім болмады. Ал жастар арасындағы бәсекеде спортшыларымыз 4 алтын, 1 күміс, 7 қоламен қорытындылады. Бұл сында Әділ Шакир (60 кг), Бекжан Әбілқасым (60 кг), Жасұлан Қонқабаев (65 кг), Мадина Қанатқали (50 кг) үздік болып, жеңіс тұғырынан көрінді. Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдайға байланысты чемпионатқа жанкүйер қауым қатысқан жоқ. Тиісті санитарлық нормалар мен талаптар толықтай сақталды.
-->Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша командалық есепте Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары 12 алтын, 4 күміс, 9 қола жүлдемен бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға Шығыс Қазақстан облысының спортшылары жайғасса, үздік үштікті Шымкент қаласының панкратион шеберлері түйіндеді. Ересектер арасында спортшыларымыз елорда қоржынына 8 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдені салды. Панкратионның «традишн» бөлімінде Көшен Ақанов (66 кг), Әли Қабдулла (74 кг), Дияр Нұрғожай (100 кг) қарсылас шақ келтірмесе, «элит» бөлімінде Алмаз Сәрсембеков (60 кг), Сәбит Жүсіпов (66 кг), Аслан Ораз, Мұратбек Қасымбай, Имран Тайсұлтанов (84 кг) сынды спортшыларға тең келер ешкім болмады. Ал жастар арасындағы бәсекеде спортшыларымыз 4 алтын, 1 күміс, 7 қоламен қорытындылады. Бұл сында Әділ Шакир (60 кг), Бекжан Әбілқасым (60 кг), Жасұлан Қонқабаев (65 кг), Мадина Қанатқали (50 кг) үздік болып, жеңіс тұғырынан көрінді. Айта кетейік, эпидемиологиялық жағдайға байланысты чемпионатқа жанкүйер қауым қатысқан жоқ. Тиісті санитарлық нормалар мен талаптар толықтай сақталды.