Батыр Жүкембаев пуэрторикалық боксшымен жекпе-жек өткізеді
Отандық спортшының қарсыласы Пуэрто-Рико өкілі Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО) болмақ. Кездесу Showtime телеарнасындағы бокс шоуының аясында өтеді. Жүкембаев — Матиас жекпе-жегі бірінші жартылай орта санаттағы әлем чемпионы титулына міндетті үміткерді анықтау үшін IBF-тің «төрт турнир» бөлігі ретінде жоспарланған. Тағы бір «жартылай финалда» британиялық боксшы Льюис Ритсон (21-1, 12 КО) және аргентиналық Йеремиас Понсе (27-0, 17 КО) кездеседі. Айта кетейік, Батыр үшін алдағы жекпе-жек АҚШ-тағы дебюті болмақ. Қазақстандықтың барлық алдыңғы жекпе-жегі Канадада өткен болатын.
-->Отандық спортшының қарсыласы Пуэрто-Рико өкілі Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО) болмақ. Кездесу Showtime телеарнасындағы бокс шоуының аясында өтеді. Жүкембаев — Матиас жекпе-жегі бірінші жартылай орта санаттағы әлем чемпионы титулына міндетті үміткерді анықтау үшін IBF-тің «төрт турнир» бөлігі ретінде жоспарланған. Тағы бір «жартылай финалда» британиялық боксшы Льюис Ритсон (21-1, 12 КО) және аргентиналық Йеремиас Понсе (27-0, 17 КО) кездеседі. Айта кетейік, Батыр үшін алдағы жекпе-жек АҚШ-тағы дебюті болмақ. Қазақстандықтың барлық алдыңғы жекпе-жегі Канадада өткен болатын.