2020 жылы Қазақстандағы смартфон нарығының көрсеткіші қандай болды
Сонымен қатар смартфондарды жеткізу көлемі де 2019 жылмен салыстырғанда 6,7% өсіп, 4,3 млн бірлікке жеткен. Бүгінде Қазақстан нарығында батырмасы бар телефондар сатылымы айтарлықтар азайған, жалпы көлемнің тек 9,1 пайызын құрайды. IDC мамандары атап өткендей, 2020 жылы наурыздан мамыр, шілде-тамыз айларына дейінгі бірінші локдаун кезінде Қазақстанда смартфон тасымалының төмендегені байқалған. Алайда жаз соңына қарай сауда орталықтарының жұмысына рұқсат беріле бастағанда смартфон саудасының бұрынғы қалыпқа келуіне күш салынған. Жаз айларындағы локдаунға қарамастан 2020 жылдың ІІІ тоқсанындағы сату көрсеткіші 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8 пайызға жоғары болып шыққан. Ал өткен жылдың IV тоқсанындағы смартфон саудасы 2019 жылдың сол кезеңімен бірдей болыпты. IDC компаниясының болжамынша, 2021 жылы телефондар нарығындағы көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда сол тұрақты қалыпты сақтап қалады. Ал осы жылдың соңғы тоқсанында есесіне 5G көлемі едәуір артады-мыс. Естеріңізге салсақ, 5G қанатқақты жобасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында осы жыл соңына қарай іске қосылуы тиіс. Ал еліміздің барлық өңірін қамту жағы 2025 жылға қарай жүзеге асуы мүмкін деген болжам бар.
-->Сонымен қатар смартфондарды жеткізу көлемі де 2019 жылмен салыстырғанда 6,7% өсіп, 4,3 млн бірлікке жеткен. Бүгінде Қазақстан нарығында батырмасы бар телефондар сатылымы айтарлықтар азайған, жалпы көлемнің тек 9,1 пайызын құрайды. IDC мамандары атап өткендей, 2020 жылы наурыздан мамыр, шілде-тамыз айларына дейінгі бірінші локдаун кезінде Қазақстанда смартфон тасымалының төмендегені байқалған. Алайда жаз соңына қарай сауда орталықтарының жұмысына рұқсат беріле бастағанда смартфон саудасының бұрынғы қалыпқа келуіне күш салынған. Жаз айларындағы локдаунға қарамастан 2020 жылдың ІІІ тоқсанындағы сату көрсеткіші 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8 пайызға жоғары болып шыққан. Ал өткен жылдың IV тоқсанындағы смартфон саудасы 2019 жылдың сол кезеңімен бірдей болыпты. IDC компаниясының болжамынша, 2021 жылы телефондар нарығындағы көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда сол тұрақты қалыпты сақтап қалады. Ал осы жылдың соңғы тоқсанында есесіне 5G көлемі едәуір артады-мыс. Естеріңізге салсақ, 5G қанатқақты жобасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында осы жыл соңына қарай іске қосылуы тиіс. Ал еліміздің барлық өңірін қамту жағы 2025 жылға қарай жүзеге асуы мүмкін деген болжам бар.