Беларусь билігі Тихановскаяны террористер тізіміне енгізді
Светлана Тихановскаяның сөзінше, ол шотын не себепті бұғаттағанын білмек болып банкке жүгінген. Сол кезде оған банк қызметкері Тихановскаяның терроризмге қатысы бар адамдардың тізіміне қосылғандығы себеп болғанын айтқан. «Шотты бұғаттау террористік істерге қатысы бар жеке тұлғалардың қаржыларын бақылау бойынша өткізілген іс-шара аясында жүргізілді», - деп жауап берген банк қызметкері. Тихановскаяның сөзінше, соңғы уақытта оның бір ғана кірісі кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек баласына төленетін әлеуметтік зейнетақы болыпты. Оның көлемі – айына беларусьтық 223 рубль (36 150 теңге). Беларусь КГБ-сы террористік әрекеттерге қатысы бар жеке тұлғалар тізіміне 2 сәуір күні қосқан. Сол кезде сонымен қатар бұл тізімге осы елдің оппозициясының үйлестірушілік кеңесінің мүшесі Павел Латушко да енген. Арнайы қызметтің пікірінше, осы екі тұлға мен тағы 15 азамат BYPOL ұйымға қатысы бар. Бұл ұйымның қатарында оппозицины қолдайтын бұрынғы күш құрылымдарының қызметкерлері бар көрінеді. Наурыз айының соңында Беларусь Ішкі істер министрлігі BYPOL ұйымының бір мүшесі Минсктегі балалар алаңына жақын жердегі әскери бөлімге теракт ұйымдастырмақшы деп мәлімдеген. 2020 жылдың тамызында сайлауда елдің қазіргі президенті Александр Лукашенко жеңіске жеткеннен кейін сайлау нәтижесіне келіспеген топтар қарсылық танытқан шаралар ұйымдастырылған болатын. Лукашенконың оппоненті Светлана Тихановская сайлау қорытындысын жалған деп айыптаған. 2020 жылы 10 тамыздан 11-іне қараған түні Тихановская шекара асып, Литваға кетіп қалған. Оның себебін саясаткер балаларының өміріне қауіп төніп тұр деп түсіндірген. Биылғы наурыз айының басында Беларусьтың тергеу комитеті оны Гомельді басып кіруге әрекет жасады деп айыптады. Беларусь бас прокуратурасы Тихановскаяны елге қайтару жөнінде Литва билігіне сұраныс та жіьерген. Алайда Литва билігі беларусьтық тараптың сұранысын орындаудан бас тартқан.
-->Светлана Тихановскаяның сөзінше, ол шотын не себепті бұғаттағанын білмек болып банкке жүгінген. Сол кезде оған банк қызметкері Тихановскаяның терроризмге қатысы бар адамдардың тізіміне қосылғандығы себеп болғанын айтқан. «Шотты бұғаттау террористік істерге қатысы бар жеке тұлғалардың қаржыларын бақылау бойынша өткізілген іс-шара аясында жүргізілді», - деп жауап берген банк қызметкері. Тихановскаяның сөзінше, соңғы уақытта оның бір ғана кірісі кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек баласына төленетін әлеуметтік зейнетақы болыпты. Оның көлемі – айына беларусьтық 223 рубль (36 150 теңге). Беларусь КГБ-сы террористік әрекеттерге қатысы бар жеке тұлғалар тізіміне 2 сәуір күні қосқан. Сол кезде сонымен қатар бұл тізімге осы елдің оппозициясының үйлестірушілік кеңесінің мүшесі Павел Латушко да енген. Арнайы қызметтің пікірінше, осы екі тұлға мен тағы 15 азамат BYPOL ұйымға қатысы бар. Бұл ұйымның қатарында оппозицины қолдайтын бұрынғы күш құрылымдарының қызметкерлері бар көрінеді. Наурыз айының соңында Беларусь Ішкі істер министрлігі BYPOL ұйымының бір мүшесі Минсктегі балалар алаңына жақын жердегі әскери бөлімге теракт ұйымдастырмақшы деп мәлімдеген. 2020 жылдың тамызында сайлауда елдің қазіргі президенті Александр Лукашенко жеңіске жеткеннен кейін сайлау нәтижесіне келіспеген топтар қарсылық танытқан шаралар ұйымдастырылған болатын. Лукашенконың оппоненті Светлана Тихановская сайлау қорытындысын жалған деп айыптаған. 2020 жылы 10 тамыздан 11-іне қараған түні Тихановская шекара асып, Литваға кетіп қалған. Оның себебін саясаткер балаларының өміріне қауіп төніп тұр деп түсіндірген. Биылғы наурыз айының басында Беларусьтың тергеу комитеті оны Гомельді басып кіруге әрекет жасады деп айыптады. Беларусь бас прокуратурасы Тихановскаяны елге қайтару жөнінде Литва билігіне сұраныс та жіьерген. Алайда Литва билігі беларусьтық тараптың сұранысын орындаудан бас тартқан.