Елордалық оқушылар кеңсе тауарларын тегін алды
«Jas Otan» Жастар қанатының өкілдері елордалық оқушыларға кеңсе тауарларын алуға арналған сертификаттар табыс етті, деп хабарлайды Елорда Инфо «Nur Otan» партиясы елордалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылғы жылы 1 қыркүйекке арналған дәстүрлі жиын болмайтыны және көптеген оқушылар үшін бірінші тоқсан қашықтық форматта өтетіні белгілі. Оқу жылы қарсаңында елордалық жасотандықтар көп балалы және аз қамтылған отбасылары оқушыларына мектеп құралдарын сатып алуға сертификаттар табыс етті.
«Jas Otan» Жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев аталған акция Қазақстанның барлық өңірлерінде өтіп жатқанын атап өтті.
«Мектепке жол» акциясы көп балалы және аз қамтылған отбасыларындағы, сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқу жылына дайындау бойынша жыл сайын өтетін республикалық акция болып табылады. Жасотандықтар осы акцияға жылда белсенді қатысады. Қазіргі таңда акцияны біздің белсенділер Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында өткізіп жатыр. Бүгіннен бастап бізге басқа өңірлер де қосылады», деді ол.
Оқушылардың ата-аналары жасотандықтарға көңіл бөліп, қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді:
«Nur Otan» партиясына және «Jas Otan» Жастар қанатына үнемі қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Төтенше жағдай кезінде бізге азық-түлік себеттері түрінде де көмек көрсетілді. Біздің белсенді жастарымызға тағы да алғыс айтқым келеді», - деді көпбалалы ана Нұрзия Құрбанова.
Балалар мен жас отбасылар әрқашан жастар қанатының ерекше ықыласы мен қамқорлығына ие. Осыған байланысты Елнұр Бейсенбаев қазіргі таңда жастар арасында талқыланып жатқан 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасына тоқталып өтті.
«Біз үшін «Nur Otan» партиясының Жастар қанаты ретінде өскелең ұрпаққа қолдау көрсету өте маңызды. Кішкентай балаларымызға отбасылық құндылықтарды бойына сіңіріп, тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Сондықтан жас отбасылардың өмірін жақсарту жөніндегі міндеттер біздің «Жастар-Отанға!» бағдарламамызда көрінісін тапты».
Айта кету керек, сертификаттар елорданың 20 оқушысына табысталды. Аталған акцияға аудандық жасотандықтар да атсалысуда.