Елорда жаңалықтары

Кәсіпкерлердің қазан айына дейінгі несиелерінің айыппұлы мен өсімпұлы кешіріледі – елорда әкімі

Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіледі. Яғни олардың банктен алған кредиттерінің өтемақысын қазан айына дейін тоқтата тұруға мүмкіндіктері бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Qazaq радиосының «Басты тақырып» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Коронадағдарысқа байланысты сервистік қызмет көрсететін, мысалы, мейрамханалардың, кәсіпорындардың көбісінің жұмысы тоқтады. Тойханалар жабылды. Әрине, мұның бәрі уақытша қиындық деп ойлаймыз. Сонымен қатар шаштараздар да, басқа да қызмет көрсететін орындардың жұмысы карантин кезінде тоқтап қалып, енді қайтадан жанданып жатыр. Соған орай екінші деңгейлі банктермен келісімге келдік. Кәсіпкерлердің жыл басынан бері төлеу керек болған несиелеріне жеңілдік жасалып отыр. Яғни оларға қазан айына дейін өтемақыны тоқтата тұруға мүмкіндік берілді. Онымен қоса, айыппұл мен өсімпұлдары алынып тасталады. Сондай-ақ әкімшілік кедергілерді де жою жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», – деді Алтай Көлгінов.

-->