Елорда жаңалықтары

Отбасы банктің елордалық филиалы салымшыларын алаяқтарға алданып қалмауға шақырды

Кейбір банк салымшыларына белгісіз телефон нөмірлерден хабарласып, өздерін Отбасы Банкінің қызметкері ретінде таныстырып, шот нөмірін айтуды немесе қаражат аударымдары туралы сұрақтар қойып, байланысқа шықпаса шоттың бұғатталатыны туралы хабарлама келіп түскен. «Соған байланысты Отбасы Банкінің қызметкерлері клиенттерге жеке шот деректемелері немесе шот нөмірлерін анықтау мақсатында телефон шалмайтынын хабарлаймыз. Клиенттердің шоттарына қатысты барлық деректер банктің ақпараттық жүйесінде бар», делінген хабарламада. Банк өз салымшыларына тек 87059251300 87059251301 87059251302 87059251303 87059251304 нөмірінен хабарласуы мүмкін. WhatsApp бот - 8705-925-13-00 «Құрметті салымшылар, абай болыңыздар, өзіңіздің жеке деректемелеріңізді телефон арқылы белгісіз тұлғаларға хабарламаңыз», деп ескертті банк қызметкерлері.

-->