Елорда жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда жүгіруден онлайн жарыс өтеді

28-30 тамыз күндері елордада ҚР Конституция күніне орай жүгіруден және веложүгіруден онлайн жарыс өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Белсенді демалыс әуесқойлары Нұр-Сұлтан қаласының кез келген саябағында өздеріне қолайлы уақытта спорттық іс-шараға қатыса алады. Ниет білдірушілерге таңғы сағат 6-дан 21:00-ге дейінгі уақыт аралығында «Strava» қосымшасы арқылы онлайн қатысуға болады. Онлайн жарыс қорытындысы бойынша әуесқойлар мен ардагерлер арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, медаль, диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

-->