2035 жылы Қытайды қандай болашақ күтіп тұр
Оның айтуынша,жалпы ішкі өнімі 2,3% өсіммен Қытай – экономикалық жағынан қарқынды дамуды жалғастырып келе жатқан әлемдегі жалғыз мемлекет. «Кедейшілікте өмір сүріп келген 5,51 млн ауыл тұрғындары мен дамуы кенжелеп қалған 52 уезд барлығы кедейшіліктен құтылды. Қалалар мен кенттердегі жұмыссыздар саны 11,86 млн адамды құраса, 2020 жылдың соңында бұл көрсеткіш 5,2 пайызға төмендеді. «Тяньвэнь-1» ғарыш аппараты Марсқа дейін жетті, ал «Чанъэ-5» айдан топырақ алып келді», - деді Чжан Сяо. Сонымен қатар ол 5 жыл ішінде Қытай өз тарихында әлеуметтік-экономика саласы даму жағынан табысты кезеңді өткергенін, жалпы ішкі өнімі 70 трлн юаньнан 100 трлн юаньға жеткенін, осы уақыт аралығында 60 млн жаңа жұмыс орнының ашылғанын, 55,75 млн аз қамтылған тұрғындардың кедейшіліктен арылғанын атап өтті. «2021 жылы түрлі қалалар мен кенттерде 11 млн жұмыс орны ашылып, Қытайдың жалпы ішкі өнімі 6 пайызға артады деп күтілуде. Елдегі жұмыссыздық саны тек 5,5 пайыз болып қалады. Биылғы екі сессияда 2035 жылға дейінгі 14-ші бес жылдық халықтық шаруашылық және әлеуметтік даму бағдарламалары қабылданды. 2025 жылға қарай урбанизация мөлшері 65 пайызға дейін артады деп күтіліп отыр. 2035 жылы Қытайдың әлеуметтік жаңғыруы, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуеті, сонымен қатар ұлттық қуаттылығы айтарлықтай жақсара түседі. Қытайда негізінен индустриализацияның жаңа түрі жүзеге асырылып, жасыл өнім құру кезеңі кеңінен қалыптасады», - деді ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Қытайдың даму болашағы туралы.
-->Оның айтуынша,жалпы ішкі өнімі 2,3% өсіммен Қытай – экономикалық жағынан қарқынды дамуды жалғастырып келе жатқан әлемдегі жалғыз мемлекет. «Кедейшілікте өмір сүріп келген 5,51 млн ауыл тұрғындары мен дамуы кенжелеп қалған 52 уезд барлығы кедейшіліктен құтылды. Қалалар мен кенттердегі жұмыссыздар саны 11,86 млн адамды құраса, 2020 жылдың соңында бұл көрсеткіш 5,2 пайызға төмендеді. «Тяньвэнь-1» ғарыш аппараты Марсқа дейін жетті, ал «Чанъэ-5» айдан топырақ алып келді», - деді Чжан Сяо. Сонымен қатар ол 5 жыл ішінде Қытай өз тарихында әлеуметтік-экономика саласы даму жағынан табысты кезеңді өткергенін, жалпы ішкі өнімі 70 трлн юаньнан 100 трлн юаньға жеткенін, осы уақыт аралығында 60 млн жаңа жұмыс орнының ашылғанын, 55,75 млн аз қамтылған тұрғындардың кедейшіліктен арылғанын атап өтті. «2021 жылы түрлі қалалар мен кенттерде 11 млн жұмыс орны ашылып, Қытайдың жалпы ішкі өнімі 6 пайызға артады деп күтілуде. Елдегі жұмыссыздық саны тек 5,5 пайыз болып қалады. Биылғы екі сессияда 2035 жылға дейінгі 14-ші бес жылдық халықтық шаруашылық және әлеуметтік даму бағдарламалары қабылданды. 2025 жылға қарай урбанизация мөлшері 65 пайызға дейін артады деп күтіліп отыр. 2035 жылы Қытайдың әлеуметтік жаңғыруы, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуеті, сонымен қатар ұлттық қуаттылығы айтарлықтай жақсара түседі. Қытайда негізінен индустриализацияның жаңа түрі жүзеге асырылып, жасыл өнім құру кезеңі кеңінен қалыптасады», - деді ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Қытайдың даму болашағы туралы.