Елорда жаңалықтары

Халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында елордалық әнші Қазақстан намысын қорғайды

Халық әні «Екі жиренді» шырқаған қазақстандық әнші үш қазылар алқасының үшеуінен де жоғары баға алған. Енді келесі кезеңнің бірінде отандасмыз башқұрт тілінде ән салмақ. Айта кетсек, бұл жобаға қатысуға 8 мыңнан аса өнерпаз өтініш білдіріпті. Алайда соның 52-сі ғана кастингтен өтіпті. Әр кезең сайын кіл мықтылар ғана іріктелуде. Соның ішінен тек бір ғана үміткер жеңімпаз атанады. Жеңімпаз қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталып, сонымен қатар әйгілі татар және башқұрт әншісі Элвин Греймен шығармашылық жұмыс жасауға мүмкіндік алмақ. Жалпы, бұл жобаның басты мақсаты – халықтар арасында мәдени музыкалық байланыс орната отырып, жас таланттарды анықтау.

-->