Солтүстік Кореяда 12 елдің елшілігі жабылды
Пхеньяндағы Ресей Федерациясы елшілігінің мәліметінше, 18 наурызда Солтүстік Кореядан 38 шетелдік азамат шығып кеткен. КХДР-дан шыққан дипломатиялық өкілдердің бұл алғашқы легі емес көрінеді. «Мұның соңғы жағдай емес екені де түсінікті. Шетелдіктердің бұл елден кетуі әлі де жалғасуда. Қазірдің өзінде де 290 адамнан артық қалмады. Кетіп жатқан адамдарды түсінуге болады. Өйткені қатаң шектеулерге, қажетті тауарлар мен дәрілердің жетіспеушілігіне әр адам шыдай бермейді», - делінген РФ елшілігі таратқан ақпаратта. Белгілі болғандай, Ұлыбритания, Венесуэла, Бразилия, Германия, Италия, Нгерия, Пәкістан, Польша, Чехия, Швеция, Швейцария, Франция елдерінің елшіліктерінің қақпасына құлып салынған. Қазіргі уақытта онда тек 9 елдің елшілігі ғана жұмыстарын жалғастырып жатқанмен, олардың қызметкерлер құрамының басым көпшілігі қысқартылған.
-->Пхеньяндағы Ресей Федерациясы елшілігінің мәліметінше, 18 наурызда Солтүстік Кореядан 38 шетелдік азамат шығып кеткен. КХДР-дан шыққан дипломатиялық өкілдердің бұл алғашқы легі емес көрінеді. «Мұның соңғы жағдай емес екені де түсінікті. Шетелдіктердің бұл елден кетуі әлі де жалғасуда. Қазірдің өзінде де 290 адамнан артық қалмады. Кетіп жатқан адамдарды түсінуге болады. Өйткені қатаң шектеулерге, қажетті тауарлар мен дәрілердің жетіспеушілігіне әр адам шыдай бермейді», - делінген РФ елшілігі таратқан ақпаратта. Белгілі болғандай, Ұлыбритания, Венесуэла, Бразилия, Германия, Италия, Нгерия, Пәкістан, Польша, Чехия, Швеция, Швейцария, Франция елдерінің елшіліктерінің қақпасына құлып салынған. Қазіргі уақытта онда тек 9 елдің елшілігі ғана жұмыстарын жалғастырып жатқанмен, олардың қызметкерлер құрамының басым көпшілігі қысқартылған.