Ұлттық валюта тағы екі теңгеге құнын жоғалтты
Доллардың орташа бағамы 426,8 теңгені құрады. Ұлттық валюта 2,06 теңгеге әлсіреді. Естеріңізге салсақ, бұған дейін қазақстандықтардың соңғы айларда долларды сатып алу көрсеткіші төмендегенін хабарлаған болатынбыз. Алайда биыл отандастарымыздың шетел валютасын сатып алу деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 34,9 пайызға артқан. Мысалы, осы жылдың қаңтарында қазақстандықтар шетел валютасына 209,3 млрд теңге жұмсаса, былтырғы дәл осы кезеңде бұл 137,1 млрд теңгені құраған.
-->Доллардың орташа бағамы 426,8 теңгені құрады. Ұлттық валюта 2,06 теңгеге әлсіреді. Естеріңізге салсақ, бұған дейін қазақстандықтардың соңғы айларда долларды сатып алу көрсеткіші төмендегенін хабарлаған болатынбыз. Алайда биыл отандастарымыздың шетел валютасын сатып алу деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 34,9 пайызға артқан. Мысалы, осы жылдың қаңтарында қазақстандықтар шетел валютасына 209,3 млрд теңге жұмсаса, былтырғы дәл осы кезеңде бұл 137,1 млрд теңгені құраған.