Елорда жаңалықтары

Майдандас екі достың ұрпақтары 77 жылдан соң кездесті

Іс-шара барысында «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Кездесуді «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты мен Нұр-Сұлтан қаласының Ардагерлер кеңесі өткізді. «Бұл оқиға 77 жыл бұрын екі майдандас дос, ненец Иван Яптик пен қазақстандық Мұхтар Қайшатаев бір-біріне соғыстан кейін қазақ жерінде кездесуге уәде берген кезде басталады. Олардың сол сәтте жасалған «Майдандас достар – ненец Иван Яптик пен қазақ Мұхтар Қайшатаев Қазақстаннан келген хатты оқып отыр» деген жазуы бар бірге түскен фотосурет сақталған. Бірнеше жыл өткен соң уәделескен екі жас солдаттың немерелері кездесті. Бұндай кездесу Қазақстанда алғаш рет өткізіліп жатыр. Олардың достықтары екі мемлекеттің достығы ретінде көрініс береді. Ал «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Сонымен қатар «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты арнайы жобасын да жүзеге асыру», — деді Нұр-Сұлтан қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ақерке Жұмабаева. Екі жауынгер 2-ші Беларус майданының 46-шы атқыштар дивизиясының 340-шы атқыштар полкінің құрамында болған. Екеуі де 1945 жылы уәделерін орындай алмай, майдан даласында қайтыс болды. «Біз қазіргі заман ұрпақтары, бейбіт, тыныш, егеменді елде өмір сүрудеміз. Ал осы көк аспанда бақытты күн кешуіміз майданда жан беріскен, Отан үшін күрескен жандардың арқасы деп білемін. Соғыста жоғалған, қаза болған жауынгерлерді іздестіру жұмыстарын тоқтатпай, үміт үзбеуге тырысу қажет деп ойлаймын»,— деді соғыста қаза тапқан батырдың ұрпағы Анатолий Яптик.

-->