Елорда жаңалықтары

«TOM: Nur-Sultan» әлеуметтік жоба аясында елордада мейкатонның бірінші кезеңі басталды

IDEATHON – бұл Нұр-Сұлтан қаласының оқу орындарынан құрылған командалардың мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсарту бойынша өздерінің идеяларын қазылардың алдында таныстыратын шара. Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өткен елордадағы Мейкатонның ұйымдастырушылары жылдағы дәстүр бойынша«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен ҚР Тел-Авив университеті достар қауымдастығы. Биыл ұйымдастырушылар қатарына «Astana International University» университеті мен «GreenTal» әлеуметтік шеберханасы қосылған. Мейкатонның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға және олардың қалыпты өмірде ұйымдарға бейімделуі бағытындағы қолжетімді бағада ұсынылатын ыңғайлы құралдарды құру. Бірінші кезең Astana International University қабырғасында өтті. Онда жеті команда бір күн ішінде мүмкіндігі шектелі жандардың өмірін жақсарту жөніндегі өздерінің жобалары бойынша жұмыс жүргізіп, оны таныстырып үлгерді.

-->