Шавкат Исмаилов: Бірлігі ажырамайтын халықпыз
Қазіргі заманда жалғыз жүріп замана сынақтарына қарсы тұра алмайтынымызды сезініп жүрміз. Биыл наурыз айының басында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров алғашқы күні-ақ қазақ бизнес өкілдерімен кездесті. Бұл дегеніміз – сауда-экономикалық қарым-қатынас барысында бір-бірімізге сүйеу бола білудің жолын іздегеннің көрінісі. Түркі кеңесінің аясында басты негізге алынған кеңеске мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлік пен туризмді өрістету осы қажеттілікті шешіп келеді. Түркі кеңесінің 1-саммиті 2011 жылдың 21 қазанында Алматы қаласында өтті. Кешегі мемлекет басшыларының жүздесуі он жылдық ынтымақтастықтың нәтижесін де қорытындылады. Осы жылдары тарихи, мәдение және тілдік ортақтық негізінде түркітілдес елдер мен өңірлер арасындағы өзара тиімді ортақ және тең құқылы ынтымақтастыққа қол жетті, осы елдер арасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, құқықтық және басқа да қатынастардың дамуы да жаңа белеске көтерілді. Осыдан бір жылдай бұрын түркі кеңесінің төтенше саммиті бейнеконференция арқылы ұйымдастырылғаны есімізде. Сол кезеңдегі белең алып бара жатқан COVID-19 пандемиясымен тиімді күресу мәселелері талқыланып, арнаулы декларация қабылданды. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 пандемиясы жағдайында еліміз үшін бауырлас мемлекеттердің азаматтарына барынша қолғабыс көрсетудің маңыздылығын айта келе, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қырғызстан мен Тәжікстанға (әр елге 5 мың тоннадан ұн беріледі) қолдау көрсетілетінін айтты. Қиын-қыстауда жанашыр бола білген бауырлас елдің бірлігі ажырамайды.
-->Қазіргі заманда жалғыз жүріп замана сынақтарына қарсы тұра алмайтынымызды сезініп жүрміз. Биыл наурыз айының басында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров алғашқы күні-ақ қазақ бизнес өкілдерімен кездесті. Бұл дегеніміз – сауда-экономикалық қарым-қатынас барысында бір-бірімізге сүйеу бола білудің жолын іздегеннің көрінісі. Түркі кеңесінің аясында басты негізге алынған кеңеске мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлік пен туризмді өрістету осы қажеттілікті шешіп келеді. Түркі кеңесінің 1-саммиті 2011 жылдың 21 қазанында Алматы қаласында өтті. Кешегі мемлекет басшыларының жүздесуі он жылдық ынтымақтастықтың нәтижесін де қорытындылады. Осы жылдары тарихи, мәдение және тілдік ортақтық негізінде түркітілдес елдер мен өңірлер арасындағы өзара тиімді ортақ және тең құқылы ынтымақтастыққа қол жетті, осы елдер арасындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, құқықтық және басқа да қатынастардың дамуы да жаңа белеске көтерілді. Осыдан бір жылдай бұрын түркі кеңесінің төтенше саммиті бейнеконференция арқылы ұйымдастырылғаны есімізде. Сол кезеңдегі белең алып бара жатқан COVID-19 пандемиясымен тиімді күресу мәселелері талқыланып, арнаулы декларация қабылданды. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 пандемиясы жағдайында еліміз үшін бауырлас мемлекеттердің азаматтарына барынша қолғабыс көрсетудің маңыздылығын айта келе, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қырғызстан мен Тәжікстанға (әр елге 5 мың тоннадан ұн беріледі) қолдау көрсетілетінін айтты. Қиын-қыстауда жанашыр бола білген бауырлас елдің бірлігі ажырамайды.