Елорда жаңалықтары

Қазақстандық QazVac вакцинасы вирустың мутацияланған штамдарына да төтеп бере алады — БҒМ

«Біз Алматы қаласындағы науқастардан патологиялық материалды алдық. Зерттеулерді биологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары зертханада жүргіземіз. Бүгінгі таңда ғалымдарымыз осы вирустың британдық және оңтүстік африкалық штамдарын бөліп шығарды. Патологиялық материал тек 19 наурызда алынды. Осы штамдардың генетикалық және биологиялық қасиеттері зерттеліп жатыр. Зерттеу нәтижелері болашақта технологиясы жетілдірілген вакциналарды дайындау барысында пайдаланылады. Бұл технология бір күннің ішінде жасалмайтынын атап өткен жөн. Зерттеу жұмыстары басталып, белсенді жүргізіліп жатыр. Қазақстандық вакцина тұтас вирустан жасалғанын түсіну керек. Онда вирустың барлық мутацияланған штамына қарсы тұра алатын үлкен иммунитеттің пайда болуына сеп болатын вирус ақуыздарының толық жиынтығы бар", – деді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария. --> «Біз Алматы қаласындағы науқастардан патологиялық материалды алдық. Зерттеулерді биологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары зертханада жүргіземіз. Бүгінгі таңда ғалымдарымыз осы вирустың британдық және оңтүстік африкалық штамдарын бөліп шығарды. Патологиялық материал тек 19 наурызда алынды. Осы штамдардың генетикалық және биологиялық қасиеттері зерттеліп жатыр. Зерттеу нәтижелері болашақта технологиясы жетілдірілген вакциналарды дайындау барысында пайдаланылады. Бұл технология бір күннің ішінде жасалмайтынын атап өткен жөн. Зерттеу жұмыстары басталып, белсенді жүргізіліп жатыр. Қазақстандық вакцина тұтас вирустан жасалғанын түсіну керек. Онда вирустың барлық мутацияланған штамына қарсы тұра алатын үлкен иммунитеттің пайда болуына сеп болатын вирус ақуыздарының толық жиынтығы бар", – деді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария.