Елорда жаңалықтары

Елорда полицейлеріне коронавирусқа қарсы вакцина егіліп жатыр

Қалалық полиция департаменті емханасының терапевт дәрігері Айдана Әбдіпаттаның айтуынша, қазір «Спутник V» вакцинасын алуға учаскелік полицейлер мен ішкі істер саласының ардагерлері келіп жатыр. «Олар халықпен тікелей жұмыс жасайтындықтан бізге екпе алуға өздері келуде. Біз медициналық талапқа сай, вакцина салу жайлы оларға түсіндіріп, таныстырып жатырмыз. Талабымызға сәйкес қарап, бақылап, сосын ғана жұмысқа кірістірудеміз. Қазір ешқандай қарсы көрсеткіш болған жоқ. Бізде бәрі талапқа сай, жасалып жатыр», - деді Айдана Әбдіпатта. Екпе жасатқандардың бірі - Нұр-Сұлтан қаласы патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенант Сәкен Тасқын. «Бүгін мен вакцина салдырдым. Қазіргі сәтте өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. Мен халықпен жұмыс жасап жатқандықтан екпе салғыздым», - деді Сәкен Тасқын.

-->