Елордада сыртқы жарнамадан түсетін салық мөлшері екі есеге өсті
Елордада сыртқы көрнекі жарнаманы орналастырудан жергілікті бюджетке түсетін салық мөлшері екі есеге өсті. Бұл туралы бүгін өткен Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Биыл сыртқы көрнекі жарнаманы орналастырудан бюджетке түсетін салық мөлшері өсті. Бұрын бұл 326 миллион теңгені құраса, қазір 600-800 миллион теңгеге дейін өсті. Әрине, мұнымен шектелуге болмайды. Салыстырмалы түрде айтқанда, Алматы қаласында сыртқы көрнекі жарнамадан 3 миллиард теңгеден астам қаржы түседі. Яғни, бізге әлі де бұл бағытта еңбектену керек деп ойлаймын», - деді басқарма басшысы. Сондай-ақ, бүгін қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында басқа да бірқатар мәселе талқыланды. Бұл мәселелер мәслихаттың ертең өтетін кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне енгізілді.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ
-->Елордада сыртқы көрнекі жарнаманы орналастырудан жергілікті бюджетке түсетін салық мөлшері екі есеге өсті. Бұл туралы бүгін өткен Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ұранхаев айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Биыл сыртқы көрнекі жарнаманы орналастырудан бюджетке түсетін салық мөлшері өсті. Бұрын бұл 326 миллион теңгені құраса, қазір 600-800 миллион теңгеге дейін өсті. Әрине, мұнымен шектелуге болмайды. Салыстырмалы түрде айтқанда, Алматы қаласында сыртқы көрнекі жарнамадан 3 миллиард теңгеден астам қаржы түседі. Яғни, бізге әлі де бұл бағытта еңбектену керек деп ойлаймын», - деді басқарма басшысы. Сондай-ақ, бүгін қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында басқа да бірқатар мәселе талқыланды. Бұл мәселелер мәслихаттың ертең өтетін кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне енгізілді.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ