Бас бапкер еркін күрестен лицензиялық турнирге қатысатын балуандарды атады
«Токио Олимпиадасына толық құраммен бару үшін бізге екі жолдама жетіспей тұр. Біз 86 және 125 келіде лицензияға таласамыз. 86 келіде Қазақстан чемпионы, Азия біріншілігінің екі дүркін жүлдегері Азамат Дәулетбековке сенім артамыз. Ал аса ауыр салмақта 2020 жылғы Азия чемпионы Юсуп Батырмурзаев бақ сынайды. Алматыда өтетін Азия біріншілігіне қатысатын құрамды кешірек жариялаймыз», - дейді Әсет Серікбаев. Еркін күрестен Қазақстан командасы 57, 65, 74 және 97 келіге дейінгі салмақтарда Олимпиада ойындарының жолдамасын 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем біріншілігінде жеңіп алды. Алматыдағы Азия біріншілігі 12-19 сәуірге жоспарланған.
-->«Токио Олимпиадасына толық құраммен бару үшін бізге екі жолдама жетіспей тұр. Біз 86 және 125 келіде лицензияға таласамыз. 86 келіде Қазақстан чемпионы, Азия біріншілігінің екі дүркін жүлдегері Азамат Дәулетбековке сенім артамыз. Ал аса ауыр салмақта 2020 жылғы Азия чемпионы Юсуп Батырмурзаев бақ сынайды. Алматыда өтетін Азия біріншілігіне қатысатын құрамды кешірек жариялаймыз», - дейді Әсет Серікбаев. Еркін күрестен Қазақстан командасы 57, 65, 74 және 97 келіге дейінгі салмақтарда Олимпиада ойындарының жолдамасын 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен әлем біріншілігінде жеңіп алды. Алматыдағы Азия біріншілігі 12-19 сәуірге жоспарланған.