Елорда жаңалықтары

«Әзірет Сұлтан» мешітінде «Әжелер өнегесі» мектебі ашылды

«Қарттығына қарамастан мешіт ұстаздарынан діни дәріс алып, ілім жолындағы ізденістерін еш тоқтатпаған шәкірт әжелер бұған дейін де мешіттегі қаншама қайырымдылық шараларына ұйытқы болып, Мәуліт кештері мен ауызашар дастархандары, мерекелік-тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысып, бүгінде Бас мешіттің бір бөлшегіне айналып та үлгергендей еді. Құранды қатесіз оқып үйренген әжелеріміз былтырғы наурыз айынан бастап 455 рет Құран хатым етіп, ел амандығы үшін дұға жасаған», деп көрсетті Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз қызметі. Игі шараға арнайы қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов құттықтауын лебізін білдіріп, әжелер қауымына өз алғысын білдірді. «Әжелер өнегесі» мектебінің жұмысына сәттілік тілеп, болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі апа-әженің орны айрықша екенін атап өтті. Игі шараға орайластырып шәкірт әжелер қасиетті Құран кәрімді тағы бір хатым етіп, дұғасын Бас имаммен бірге жасап, ел мен жердің амандығын тіледі.

-->