Футбол: Қазақстан өз алаңында Францияға жол берді
Франция футболшылары алғашқы минуттан шабуылға көңіл бөлді. Алаң иелері қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, қарсыластар шабуылына төтеп берді. 19-минутта француздық шабуылшы Усман Дембеле қазақстандық құрама қақпасына гол салды. Ал 44-минутта қазақстандық қорғаушы Сергей Малый өз қақпасына гол соғып алды. Кездесуде Франция құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, төрт ұпаймен француздар турнир кестесінде көш басына шықты. Айта кетсек, бүгін аталған топта Украина өз алаңында Финляндияны қабылдайды. Енді Қазақстан құрамасы 31 наурызда сырт алаңда Украинамен кездеседі.
-->Франция футболшылары алғашқы минуттан шабуылға көңіл бөлді. Алаң иелері қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, қарсыластар шабуылына төтеп берді. 19-минутта француздық шабуылшы Усман Дембеле қазақстандық құрама қақпасына гол салды. Ал 44-минутта қазақстандық қорғаушы Сергей Малый өз қақпасына гол соғып алды. Кездесуде Франция құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, төрт ұпаймен француздар турнир кестесінде көш басына шықты. Айта кетсек, бүгін аталған топта Украина өз алаңында Финляндияны қабылдайды. Енді Қазақстан құрамасы 31 наурызда сырт алаңда Украинамен кездеседі.