Мектеп формасы: Оқушыларға сабаққа еркін киімде қатысуға рұқсат етіледі
Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады. Мектеп асханаларының жұмысы жергілікті әкімдіктердің шешімі мен бас санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ұйымдастырылады. «Міндетті мектеп формасын киюдің қажеті жоқ, сабаққа еркін және ұқыпты киімде қатысуға рұқсат етіледі», - делінген министрлік хабарламасында. Айта кетсек, 300-ге дейінгі оқушы саны бар мектептер ІV тоқсанда жұмысын әрі қарай дәстүрлі форматта жалғастырады.
--> «Министрлік негізгі пәндерді штаттық форматта оқытуды, ал музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерін қашықтан өткізуді ұсынып отыр. Дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізу бойынша ұсыныс берілді», - делінген ведомство мәліметінде.Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады. Мектеп асханаларының жұмысы жергілікті әкімдіктердің шешімі мен бас санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ұйымдастырылады. «Міндетті мектеп формасын киюдің қажеті жоқ, сабаққа еркін және ұқыпты киімде қатысуға рұқсат етіледі», - делінген министрлік хабарламасында. Айта кетсек, 300-ге дейінгі оқушы саны бар мектептер ІV тоқсанда жұмысын әрі қарай дәстүрлі форматта жалғастырады.