Елорда жаңалықтары

ҚФФ: Қазақстан - Франция матчына жанкүйерлер кірмейді

«Өкінішке қарай, 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчындағы Қазақстан - Франция ойынын жанкүйерлер стадионнан тамашалай алмайтынын хабарлауға мәжбүрміз. Әлем чемпионына қарсы ойын Қазақстан үшін үлкен футбол мерекесі екені айқын. Жанкүйерлерге ойынды стадионнан тамашалауға рұқсат беріледі деп соңына дейін үміттендік. Жанкүйерлердің аренаға қайта оралуы жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мен Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері арасында келіссөздер соңғы сәтке дейін жүргізілді. COVID-19 індетінің таралуына жол бермеуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз», - делінген ҚФФ таратқан ақпаратта. 

Айта кетсек, матч 28 наурыз күні «Астана Аренада» өтеді.

--> «Өкінішке қарай, 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчындағы Қазақстан - Франция ойынын жанкүйерлер стадионнан тамашалай алмайтынын хабарлауға мәжбүрміз. Әлем чемпионына қарсы ойын Қазақстан үшін үлкен футбол мерекесі екені айқын. Жанкүйерлерге ойынды стадионнан тамашалауға рұқсат беріледі деп соңына дейін үміттендік. Жанкүйерлердің аренаға қайта оралуы жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мен Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері арасында келіссөздер соңғы сәтке дейін жүргізілді. COVID-19 індетінің таралуына жол бермеуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз», - делінген ҚФФ таратқан ақпаратта. 

Айта кетсек, матч 28 наурыз күні «Астана Аренада» өтеді.