Елордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар-кеңес өтті
Іс-шараны «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «КЕАҚ, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «ЖАҢАРУ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы ұйымдастырды.
Аталған шараға мемлекеттік органдардың, «Nur Otan», ҚХП, «АҚ ЖОЛ» партия өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары, ЖОО басшылары, мәслихат депутатттары, ҮЕҰ және «Атамекен» ҰКП өкілдері, «Adaldyk alany» жобалық кеңсесінің белсенділері, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты.
«Мемлекет басшысы өз жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет», -деп атап өткен болатын. Қазіргі заманның геосаяси жағдайында билік пен қоғам арасында диалог, яғни тұрақты байланыс арқылы ғана үйлесімді мемлекет құруға болады. Сондықтан біз ҮЕҰ рөлін қолдай отырып жалпы мемлекеттік маңызды міндеттерді талқылауға тарту қажет», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.
Сарапшылық талқылауда ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов сөз сөйлеп, өз ойымен бөлісті.
«Адамзат өміріне қауіп төндіретін төрт үлкен қасірет бар. Ол – соғыс, аштық, індет және жемқорлық. Сыбайлас жемқорлықтан келетін зауал тұтас халықтардың, ұлттың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Әрине онымен күрес ең алдымен мемлекеттің міндеті. Бірақ бұл күрестің нәтижесі бірінші кезекте қоғамның ынта-жігеріне, әрбіріміздің ішкі мәдениетініміз бен ұстанымызға байланысты. Осы бағыттағы жұмыс Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ең маңызды міндеттерінің бірі», – деді ол.
Семинардың мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру. Халықтың құқықтық сауаттылығын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, халықты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының іске асырылу барысы туралы хабардар ету және нақты көмек көрсету.