Қысқы кезеңде елімізде 1 722 адам қар құрсауынан құтқарылды – ТЖМ
«Қыс кезеңінің басынан бастап елімізде 1 135 дауылды ескерту жарияланды. Атожолдарының учаскелері 1 481 рет жабылды, жүк және жолаушылар автокөліктері үшін қозғалыс 233 рет шектелді. Аталған кезеңде еліміздің құтқарушылары 1 722 адамды, оның ішінде 230 баланы құтқарды. 1129 адам, оның ішінде 116 бала эвакуацияланды. 108 жылыту пункті жұмылдырылды. Қар құрсауынан 1 300-ден астам техника шығарылды», деп көрсетті министрліктің баспасөз қызметі. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 10 557 адам және 5 245 бірлік техника жұмылдырылды. Ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен халықты құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстары 12 сағаттан астам уақытқа созылатын кездер де кездеседі, ал кейбір жағдайларда бірнеше тәулікке жетеді. ТЖ және оқиғалар қаупі туралы халықты ескерту мақсатында халықтың ұялы телефондарына ауа райының нашарлауы туралы 3 896 СМС-хабарлама, "Дәрмен" мобильдік қосымшасы арқылы 1 265 хабарлама жіберілген.
-->«Қыс кезеңінің басынан бастап елімізде 1 135 дауылды ескерту жарияланды. Атожолдарының учаскелері 1 481 рет жабылды, жүк және жолаушылар автокөліктері үшін қозғалыс 233 рет шектелді. Аталған кезеңде еліміздің құтқарушылары 1 722 адамды, оның ішінде 230 баланы құтқарды. 1129 адам, оның ішінде 116 бала эвакуацияланды. 108 жылыту пункті жұмылдырылды. Қар құрсауынан 1 300-ден астам техника шығарылды», деп көрсетті министрліктің баспасөз қызметі. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 10 557 адам және 5 245 бірлік техника жұмылдырылды. Ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен халықты құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстары 12 сағаттан астам уақытқа созылатын кездер де кездеседі, ал кейбір жағдайларда бірнеше тәулікке жетеді. ТЖ және оқиғалар қаупі туралы халықты ескерту мақсатында халықтың ұялы телефондарына ауа райының нашарлауы туралы 3 896 СМС-хабарлама, "Дәрмен" мобильдік қосымшасы арқылы 1 265 хабарлама жіберілген.