Елорда жаңалықтары

Елордада «Назар аудар, бағдаршам!» атты жедел алдын-алу іс-шарасы басталды

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. «Іс-шара аясында тәртіп сақшылары қала мектептерінің оқушылары арасында " Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» тақырыбында ең таңдаулы сурет, шығарма және бейнеөтініштер сайысын өткізді. Бейнеөтініштер, суреттер мен шығармалар арқылы елордалық оқушылар жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтау, жылдамдық режимін шектеу туралы өтініш білдіріп, жаяу жүргіншілер өткелдері мен қиылыстардың жанында абай болуды сұрады», делінген Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің хабарламасында. Ағымдағы жылдың 2 айында елордада кәмелетке толмағандардың қатысуымен 68 ЖКО тіркелді, онда 2 бала түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды.

-->