Елорда жаңалықтары

Алтай Көлгінов: Әлеуметтік баспананың кезекті партиясы қыркүйекте тапсырылады

Елордада әлеуметтік баспананың кезекті партиясы қыркүйек айында тапсырылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатылатын бірқатар қолжетімді тұрғын үй құрылысының басында болдым. Әлеуметтік баспананың кезекті партиясын қыркүйек айында тапсыруды жоспарлап отырмыз (Омаров көшесі, 23/1, Айтматов көшесі, 27, Мұхамедханов көшесі, 28, 28а, 28б). Сонымен бірге аулаларды абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Мысалы, Омаров, 23/1 келесі жылы ауладан басқа қоғамдық кеңістікті абаттандыруға кірісеміз. ", - деп жазды А.Көлгінов. [caption id="attachment_32542" align="alignnone" width="1017"] Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption] Жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында әлеуметтік нысандар ашылады: ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтары, медициналық мекемелер, балаларға арналған үйірмелер және т.б. Аудан тұрғындары үшін медициналық жедел жәрдем станциясы жұмыс істеп тұр. "Сонымен қатар, кезекте тұрғандарға (халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына) тұрғын үй салу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. "Қазақстандық ипотекалық компаниямен" бірлесіп, биыл дәрігерлерге, мұғалімдерге, әлеуметтік қызметкерлерге, полицейлерге, мәдениет және спорт қайраткерлеріне арналған тағы 1 мың әлеуметтік пәтер береміз. Келесі жылдарға да дайындаламыз", - дейді елорда әкімі.

-->