Елордада Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды
Жер реформасы жөніндегі комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды. Комиссия төрағасы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, төрағаның орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, комиссия хатшысы – ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов. Комиссия құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің агроөнеркәсіп кешені мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, фермерлер, салалық бірлестіктер мен фермерлер одағының, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлер бар.
-->Жер реформасы жөніндегі комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды. Комиссия төрағасы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, төрағаның орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, комиссия хатшысы – ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов. Комиссия құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің агроөнеркәсіп кешені мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, фермерлер, салалық бірлестіктер мен фермерлер одағының, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлер бар.