Елорда жаңалықтары

Елордалық ұлағатты ұстаздар төсбелгілермен марапатталды

Тамыз кеңесі конференциясының пленарлық отырысы барысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі бірқатар ұлағатты ұстазды марапаттады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Жиында сала басшылары өздерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Өз кезегінде №54 мектеп-лицейінің директоры Шәкәрім Сейсенбай мектептегі білім беру ісіне енгізілген өзгеріс туралы айтты. Оның айтуынша, аталған білім ошағында 2 700 оқушы білім алады. 153 мұғалім қызмет етеді. «Біздің мектептің «Білім уақыты» деп аталатын YouTube арнасында онлайн білім беруге қатысты көптеген бейне сабақтар, лайфхактар бар. Бейне сабақтар әлі де түсіріліп жатыр», – деді Ш.Сейсенбай. Сонымен қатар ол қашықтықтан білім беруді жетілдіру мақсатында мектепте әдістемелік өзгерістер орын алғанын атап өтті. Ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама олардың 70 пайызы қатысқанын, мұнай шара тиісінше үнемі өткізіліп тұратынын жеткізді. Бұл мектептің жұмысына оң баға берген Алтай Көлгінов Тамыз кеңесі барысында Сервис және туризм колледжінің әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Салтанат Жұмабаева мен №1психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің дефектолог-мұғалімі Ғалия Қаражігітова, №49 орта мектебі  директорының орынбасары Нұрлыбек Абатов пен №72 мектеп-лицейі директорының орынбасары, физика пәнінің мұғалімі Ольга Ан сынды бірқатар ұстаздарды ҚР  Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттады. Жиын соңында қала басшысы елордадағы барлық білім беру мекемелерін санитарлық норманы қатаң сақтауға шақырды.

-->