БЖЗҚ төлем алуға өтініш бермеген зейнеткерлерді іздестіріп жатыр
Салыстырып тексеру, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу бойынша белсенді қызмет көрсету үшін мемлекеттік деректер базасында тіркелген алушылардың уәкілетті органда ұялы байланыс нөмірлерінің бар болуына жүргізілетін болады. «2018 жылғы 11 қазаннан бастап зейнеткерлік жасқа толуға байланысты бірыңғай өтініш беруге болатын «бір терезе» қағидаты бойынша композиттік қызмет енгізілгенін еске саламыз. Оның аясында зейнеткерлік жасқа толған алушы бірыңғай өтінішпен және құжаттар топтамасымен Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінеді», деп көрсетті қордың баспасөз қызметі. Алайда БЖЗҚ ақпараттық жүйелерінде Қордан төлемдер жүзеге асырылмайтын 200 мыңнан аса шот (200 160) бар. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар бюджеттен қаражаттарын алып жатыр. Олардың көпшілігі зейнеткер қатарына 2018 жылдың 11 қазанына дейін қосылған. БЖЗҚ салымшылардың деректерін сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізіп, 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қордан төлемдер жүзеге асырылатын тұлғалардың тізімін жасақтады. Енді осы санатта бар адамдардың телефон нөмірлеріне БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша белсенді қызмет көрсету ұсынылған sms-хабарлама жолданады. Келісім алынғаннан кейін бұл азаматтарға БЖЗҚ-дан төлемдер Мемлекеттік корпорацияға алушылардың жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ұсынған банк шоттарына жіберілетін болады. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері ай сайын белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылады.
-->Салыстырып тексеру, сондай-ақ, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу бойынша белсенді қызмет көрсету үшін мемлекеттік деректер базасында тіркелген алушылардың уәкілетті органда ұялы байланыс нөмірлерінің бар болуына жүргізілетін болады. «2018 жылғы 11 қазаннан бастап зейнеткерлік жасқа толуға байланысты бірыңғай өтініш беруге болатын «бір терезе» қағидаты бойынша композиттік қызмет енгізілгенін еске саламыз. Оның аясында зейнеткерлік жасқа толған алушы бірыңғай өтінішпен және құжаттар топтамасымен Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінеді», деп көрсетті қордың баспасөз қызметі. Алайда БЖЗҚ ақпараттық жүйелерінде Қордан төлемдер жүзеге асырылмайтын 200 мыңнан аса шот (200 160) бар. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар бюджеттен қаражаттарын алып жатыр. Олардың көпшілігі зейнеткер қатарына 2018 жылдың 11 қазанына дейін қосылған. БЖЗҚ салымшылардың деректерін сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізіп, 2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қордан төлемдер жүзеге асырылатын тұлғалардың тізімін жасақтады. Енді осы санатта бар адамдардың телефон нөмірлеріне БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша белсенді қызмет көрсету ұсынылған sms-хабарлама жолданады. Келісім алынғаннан кейін бұл азаматтарға БЖЗҚ-дан төлемдер Мемлекеттік корпорацияға алушылардың жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ұсынған банк шоттарына жіберілетін болады. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері ай сайын белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылады.