Осы уақытқа дейін елордадан 6 млн 311 мың м3 астам қар шығарылды – ТЖД
Нұр-Сұлтан қаласының аумағында су тасқыны қаупінің алдын алу және оған жол бермеу мақсатында жұмылдырылған қызметтер мен ұйымдар су тасқынының өтуіне дайындық жүргізуде. «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне 29 су тасқыны қаупі бар учаске анықталды. 2019 және 2020 жылдары мұндай орындардын саны 37 болған, яғни 2019 және 2020 жылдармен салыстырғанда 8 учаскеге азайды», деп көрсетті Бауыржан Бейсенқанов. Басқарма басшысының айтуынша, Алматы ауданы бойынша -7 учаске, Байқоңыр ауданы бойынша -8 учаске, Есіл ауданы бойынша -9 учаске және Сарыарқа ауданы бойынша - 5 учаске бар. 2021 жылғы 24 наурыздағы жағдай бойынша қала аумағынан 1355 518 мың м3 қар шығарылды, бұл ретте 11 полигон белгіленген, толтырылған және жабықтары жоқ. «Өткен жылы 2019 жылдың қараша айынан бастап 2020 жылдың 24 наурызына дейін қала аумағынан 6 млн 311 мың м3 астам қар шығарылды, яғни 2021 жылмен салыстырғанда 79 % - ға артық», деді Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Бауыржан Бейсенқанов.
-->Нұр-Сұлтан қаласының аумағында су тасқыны қаупінің алдын алу және оған жол бермеу мақсатында жұмылдырылған қызметтер мен ұйымдар су тасқынының өтуіне дайындық жүргізуде. «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне 29 су тасқыны қаупі бар учаске анықталды. 2019 және 2020 жылдары мұндай орындардын саны 37 болған, яғни 2019 және 2020 жылдармен салыстырғанда 8 учаскеге азайды», деп көрсетті Бауыржан Бейсенқанов. Басқарма басшысының айтуынша, Алматы ауданы бойынша -7 учаске, Байқоңыр ауданы бойынша -8 учаске, Есіл ауданы бойынша -9 учаске және Сарыарқа ауданы бойынша - 5 учаске бар. 2021 жылғы 24 наурыздағы жағдай бойынша қала аумағынан 1355 518 мың м3 қар шығарылды, бұл ретте 11 полигон белгіленген, толтырылған және жабықтары жоқ. «Өткен жылы 2019 жылдың қараша айынан бастап 2020 жылдың 24 наурызына дейін қала аумағынан 6 млн 311 мың м3 астам қар шығарылды, яғни 2021 жылмен салыстырғанда 79 % - ға артық», деді Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Бауыржан Бейсенқанов.