Шахматтан ҚР чемпионаты алғаш рет қашықтан онлайн форматта өтеді
Қазақстан Республикасының чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден астам жас шахматшылар қатысады. Жарыс Lichess.org ойын алаңында өтеді, ал қатысушыларды бақылау ZOOM платформасы арқылы жүзеге асады. Бақылау уақыты 15 минут + 10 секунд (әр жүріс үшін, бірінші жүрістен бастап) уақыты беріледі. "Алаяқтықпен" күресу үшін (турнирге қатысушылардың компьютерлік бағдарламаларды немесе үшінші тарап кеңестерін қолдануы) турнирге Античитерлік комиссиясы қатысады және Fair Play Panel античитерлік бағдарламасы қолданылады. Онлайн чемпионат партияларының тікелей көрсетілімі Қазақстан шахмат федерациясының Youtube арнасында қолжетімді болады, жарыстың комментаторы - танымал халықаралық гроссмейстер Мұртас Қажығалиев. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаз спортшылардың жаттықтырушыларына ақшалай сыйлық белгіленген. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 800 000 теңгені құрайды. "Қазақстан чемпионаты - еліміздегі ең маңызды шахмат оқиғасы. Алдағы чемпионаттың барлық қатысушылары өз аймақтарында мұқият іріктеуден өтті. Әр санаттағы алтын медаль иегерлері онлайн әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады", - деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының президенті Бейбіт Атамқұлов.
-->Қазақстан Республикасының чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден астам жас шахматшылар қатысады. Жарыс Lichess.org ойын алаңында өтеді, ал қатысушыларды бақылау ZOOM платформасы арқылы жүзеге асады. Бақылау уақыты 15 минут + 10 секунд (әр жүріс үшін, бірінші жүрістен бастап) уақыты беріледі. "Алаяқтықпен" күресу үшін (турнирге қатысушылардың компьютерлік бағдарламаларды немесе үшінші тарап кеңестерін қолдануы) турнирге Античитерлік комиссиясы қатысады және Fair Play Panel античитерлік бағдарламасы қолданылады. Онлайн чемпионат партияларының тікелей көрсетілімі Қазақстан шахмат федерациясының Youtube арнасында қолжетімді болады, жарыстың комментаторы - танымал халықаралық гроссмейстер Мұртас Қажығалиев. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаз спортшылардың жаттықтырушыларына ақшалай сыйлық белгіленген. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1 800 000 теңгені құрайды. "Қазақстан чемпионаты - еліміздегі ең маңызды шахмат оқиғасы. Алдағы чемпионаттың барлық қатысушылары өз аймақтарында мұқият іріктеуден өтті. Әр санаттағы алтын медаль иегерлері онлайн әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады", - деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының президенті Бейбіт Атамқұлов.