Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай өмірден өтті
Дүрәлі Дүйсебай – көпшіліке белгілі, қаламы қарымды журналист. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде қарапайым тілшіден бас редактордың орынбасарына дейін ұзақ жыл қызмет атқарған (1981-1996). Кейіннен ҚР Мемлкеттік тергеу комитетінің «Қылмыс пен жаза – Преступление и наказание» газетінің бас редакторы болған. ҰҚК-де қызмет атқарған. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және Сейдахмет Бердіқұлов сыйлықтарының иегері.
--> «Белгілі журналист Дүрәлі Дүйсебай ағамыз өмірден озды деген қаралы хабар естідік... Дүрағамен «Халық сөзі» газетінде бірге қызметтес болдық, ақкөңіл, жан баласына қылдай қиянаты жоқ азамат еді... Қайран, Дүр-ағам-ай! Туған-туыс, достарына, әріптес баршаңызға қайғыға ортақтаса көңіл айтамын. Иманды болсын!», - деп жазды журналист Қуат Әуесбай.Дүрәлі Дүйсебай – көпшіліке белгілі, қаламы қарымды журналист. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде қарапайым тілшіден бас редактордың орынбасарына дейін ұзақ жыл қызмет атқарған (1981-1996). Кейіннен ҚР Мемлкеттік тергеу комитетінің «Қылмыс пен жаза – Преступление и наказание» газетінің бас редакторы болған. ҰҚК-де қызмет атқарған. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы және Сейдахмет Бердіқұлов сыйлықтарының иегері.