Елорда жаңалықтары

Алтай Көлгінов: Биыл қолжетімді тұрғын үй көлемі үш есе артты

Елорда әкімі Алтай Көлгінов бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Былтыр Елбасының тапсырмасына сәйкес жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Биыл бұл жұмыстарды жалғастырамыз. Оған қатысу үшін құжаттарды жинаудың басталғаны туралы қосымша хабарлаймыз. Бүгін таңертеңгілік аралау кезінде бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен, оның ішінде келесі жылдарға арналған құрылыс барысымен таныстым», - деп жазды А.Көлгінов. [caption id="attachment_32108" align="alignnone" width="927"] Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption] Әлеуметтік тұрғын үйді кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары ала алады. «Қазақстандық ипотекалық компаниямен» бірлесе іске асырып жатқан әлеуметтік пәтер алушылар санатын көбейттік. Қолжетімді баспанаға дәрігерлер, мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар үміткер бола алады. Биыл Президенттің тапсырмасына сәйкес қолжетімді тұрғын үй көлемі үш есе артты.

-->