Елорда әкімі Наурыз мерекесімен құттықтады
«Сіздерді табиғаттың жаңаруы, көктем мерекесі — Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Қала тұрғындары бар жақсылықтың, отбасы және мәдени құндылықтардың символы болып табылатын бұл жарқын мерекені ерекше күтеді!Биыл эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мерекелік іс-шаралар болмайды.Осы жылы Наурыз мерекесі "Қайырымды істер" ұранымен өтіп жатыр. Мереке аясында қалада игі істерге арналған акциялар өткіземіз, мұқтаж адамдарға көмек көрсетеміз.Мереке күндері 2 мыңнан астам азық-түлік себетін таратамыз. Олар егде жастағы адамдарға, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға беріледі.Себеттерді жинауға қалалық мәслихат депутаттары, Halyk bank, кәсіпкерлер, еріктілер, белсенді қала тұрғындары және т.б. көмек көрсетіп жатыр.Сонымен қатар, "қайырымды істер" жалпыұлттық марафоны аясында аулаларды қар мен мұздан тазартуға, дәрі-дәрмектерді тасымалдауға көмек көрсетіледі. Наурыз – жаңару мерекесі, адамдар жақындарына көмек қолын созатын кез.Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, барлық бастамаларыңызға табыс тілеймін!» — деді қала әкімі.
-->