ҚР ИИДМ Вице-министрі Түркия Сауда министрінің орынбасарымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Сапар барысында ол Қазақстан-Түркия бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының 6-шы отырысына, іскер топтармен және түрік инвесторларымен кездесулерге қатысты. Сондай-ақ Түркия Сауда министрінің орынбасары Гонжа Йылмаз Батурмен кездесті.
Стратегиялық жоспарлаумен айналысатын бірлескен топтың жұмысы шеңберінде түрік әріптестерімен көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Қазақстан-Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) 11-ші отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы және 12-ші отырысын өткізуге дайындық жайы талқыланды.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 17 наурызда Түркия Сауда министрлігінде комиссияның 11-ші отырысының қорытындысы бойынша 2019 жылғы 10 қарашада қол қойылған бірлескен іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысын, сондай-ақ Комиссияның 12-ші отырысы шеңберінде қол қою жоспарланған жаңа бірлескен іс-қимылдар жоспары жобасын талқылау бойынша комиссияның сараптамалық отырысы өтті. Оған Қазақстан жағынан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және ҚР Түркиядағы Елшілігінің өкілдері, Түркия тарапынан осы елдің Сауда министрлігінің, Қазақстан мен Түркияның мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері бейнеконференция арқылы қатысты.
Сараптамалық отырыстың қорытындысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Р.Баймишев Түркияның сауда министрінің орынбасары Гонжа Йылмаз Батур ханыммен кездесті.
-->Сапар барысында ол Қазақстан-Түркия бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының 6-шы отырысына, іскер топтармен және түрік инвесторларымен кездесулерге қатысты. Сондай-ақ Түркия Сауда министрінің орынбасары Гонжа Йылмаз Батурмен кездесті.