Birge платформасына 190 жоба түсіп, оның 30-ы іріктеліп алынды – Даниял Айткенов
«Биылғы ақпан айында Birge платформасы іске қосылды. Ол – жалпы идеяларға арналған алаң. Елорданың тыныс-тіршілігін, тұрғындардың жекелеген мәселелерін шешу үшін идеялар ұсынуға және ұсыныстарға дауыс беруге мүмкіндік береді. Барлық идеяларды сарапшылар қарастырады. Соның ішінде ең жақсы идеяларды іске асыруға кепілдік беріледі. Яғни мұндағы модерация үш кезеңнен тұрады. Оның біріншісі – ұсыныс, екіншісі – дауыс беру, үшіншісі – жүзеге асыру. Бүгінге дейін Birge платформасына 190 жоба түсті. Оның ішінен ең креативті деген 30 идеяны іріктеп алдық. Жалпы, қала тұрғындары платформаға кіріп, идеяларымен бөлісуге немесе көрсетілген идеяларға дауыс беруіне болады», - деді ол.
-->