Оқушылар сарайында «Әл-Фараби әлемі» оқу-тәрбие орталығы ашылды
Орталық әйгілі ойшылдың зияткерлік және шығармашылық мұрасын зерделеп, ұрпақ санасына сіңіру мақсатында құрылған, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ғалымның 1150 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралары аясында Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Әл-Фараби әлемі» оқу-тәрбие орталығының ашылу салтанаты өтті.
«Орталықтың ашылуы әлемдік ғылым мен өркениеттің дамуына баға жетпес үлес қосқан орта ғасырдың ұлы ойшылы, энциклопедист және философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің рухани мұрасына деген құрметімізді көрсетеді. «Екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің философияға, логикаға, метафизикаға, жаратылыстану ғылымына қосқан үлесі орасан», – делінген хабарламада.
Оқу-тәрбие орталығын құрудағы мақсат – жер жаһанға әйгілі ойшылдың зияткерлік және шығармашылық мұрасын зерделеп, ұрпақ санасына сіңіру.
Оқу-тәрбие орталығында ғалымның сан түрлі қырын анықтайтын «Әл-Фараби және ғылым», «Әл-Фараби және грек ойшылдары» (Аристотель, Платон), «Әл-Фараби және өнер», «Әл-Фараби және тәрбие», «Әл-Фараби және поэзия», «Әл-Фараби және шешендік өнер» бөлімдері бар.
«Бұл бағыттар бойынша оқушылар ғалымның медицина, астрономия, математика, геометрия, логика, пәлсапа, яғни, барлық ғылым саласында еткен еңбектерін жинақтап, ізденеді. Келешекте Әл-Фараби туралы деректі фильмдер, танымдық дүниелер дайындап, оның өмір сүрген кезеңіне қатысты тың деректерді осы орталыққа жинақтап, әйгілі ойшылдың қалдырған мол мұрасын насихаттау бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз», – дейді Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының директоры Ербол Іргебай.
[caption id="attachment_31997" align="alignnone" width="1280"] Фото: astana.gov.kz[/caption]
Тұсаукесер аясында ғалым бюстінің ашылу рәсімі де өтті. Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының аспаптық музыка бөлімінің оқытушылары белгілі композитор К.Күмісбековтің «Фараби сазы» туындысын орындады.
[caption id="attachment_31998" align="alignnone" width="1280"]
Фото: astana.gov.kz[/caption]