Елорда жаңалықтары

АҚШ тарихында тұңғыш рет үндістер өкілі министр лауазымына тағайындалды

«Тарихи сәт! Бүгін вице-президент Камала Харрис Деб Холаннан ішкі істер министрі ретінде ант қабылдап тұр. Сонымен ол АҚШ тарихындағы ежелгі жергілікті халықтан шыққан министр кабинетінің тұңғыш басшысы болды. Олар екеуі де – феномен әйел. Алғашқы, алайда соңғы да емес. Ақ үй / Питер Вельц фотосы ұсынылып отыр. Көрініс сипаттамасы: вице-президент Камала Харристің Деб Хааланнды ішкі істер министрі ретінде ант қабылдау рәсіміне ертіп келген сәті», - деп жазылған (usowomen)Құрама Штаттар әйелдері Instagram парақшасында. 

[caption id="attachment_70352" align="alignnone" width="700"] Фото ашық көздерден алынды[/caption] Деб Хааланн – америкалық саясаткер, Нью-Мексико штатынан АҚШ өкілдер палатасының мүшесі. Жасы 60-та. Аризона штатының Уинслоу қаласында дүниеге келген. Арғы тегі үндістердің Лагуна Пуэбло тайпасынан. [caption id="attachment_70353" align="alignnone" width="696"] Фото ашық көздерден алынды[/caption] Айта кетсек, АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис та – Америка тарихындағы вице-президент лауазымына тағайындалған тұңғыш әйел, сонымен қатар тұңғыш қара нәсілді адам. Құрама Штаттардың 49-вице-президенті 1964 жылы Калифорния штатының Окленд қаласында дүниеге келген. АҚШ Демократиялық партиясының мүшесі. Бұған дейін Камала Харрис Калифорнияның бас прокуроры, сенатор болған.

--> «Тарихи сәт! Бүгін вице-президент Камала Харрис Деб Холаннан ішкі істер министрі ретінде ант қабылдап тұр. Сонымен ол АҚШ тарихындағы ежелгі жергілікті халықтан шыққан министр кабинетінің тұңғыш басшысы болды. Олар екеуі де – феномен әйел. Алғашқы, алайда соңғы да емес. Ақ үй / Питер Вельц фотосы ұсынылып отыр. Көрініс сипаттамасы: вице-президент Камала Харристің Деб Хааланнды ішкі істер министрі ретінде ант қабылдау рәсіміне ертіп келген сәті», - деп жазылған (usowomen)Құрама Штаттар әйелдері Instagram парақшасында. 