Елорда жаңалықтары

"Balapan" арнасында "Бетперделі батыр" анимациялық жобасы жарық көрді

20 бөлімнен тұратын мультхикая түрлі шытырман оқиғалар арқылы кішкентай көрермендерді тазалық сақтауға шақырып, карантин шараларының маңыздылығын жеткізеді. «Пандемия басталып, бүкіл әлем абдырап жатқан кезде «Balapan» өз алдына балаларға вирустан келетін қауіп-қатерді, одан қорғану тәсілдерін түсіндіру мақсатын қойды. Сол сәтте арнадағы мультфильм кейіпкерлерінің барлығына дерлік бетперде кигіздік. Тікелей эфирде коронавируспен күресудің жолдарын түсіндіретін «Сау болайық!» тележобасы эфирге шықты. Осыдан кейін барып, алдымызға супер қаһарман ойлап тапсақ деген жаңа міндет қойдық. Әлемдік тәжірибені және өз мүмкіндіктерімізді саралай келе, «Бетперделі батыр» атты жаңа қаһарманды ойлап таптық. Жас көрермендерімізге әлеуметтік жауапкершіліктің мәнін осылайша анимация арқылы түсіндіргіміз келді», - деді «Balapan» телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай.

-->