Елорда жаңалықтары

Ақмола облысында жер учаскелерін беруге қатысты бірқатар кемшілік анықталды

Жиынға облыс әкімінің орынбасары, әкімдік басқармаларының басшылары, аудандар мен қалалардың әкімдері, Кәсіпкерлер палатасы мен қоғамдық кеңестің өкілдері қатысты. Жер заңнамасын тексеру кезінде жерді заңсыз беру, қала құрылысы құжаттарын халықтың пікірін ескерместен бекіту, заңсыз сегменттеу тәрізді жекелеген кемшіліктерді көрсетті. «Облыста сауда-саттықтан тыс көлемі 250 мың гектардан асатын 53 коммерциялық учаске және ауыл шаруашылығы мақсатындағы 181 учаске берілгені анықталды. Барлық бұзушылықтар бойынша прокуратура органдары 24 қадағалау актісін енгізді», - деді ведомство мамандары. Кеңес қорытындысы бойынша жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де  жалғасуда.

-->