Елорда жаңалықтары

Наурыз мерекесіне орай кітапханашылар арасында жаңа челлендж басталды

Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы «Елге тілек» әнін орындады. Аталған челленджге мекеме қызметкерлерімен бірге фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ибраев, ақын, «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Жазушылар Одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаева қатысты. «Құрметті қазақ елі! Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын! Мерекенің бастамасы ретінде Ұлттық аккадемиялық кітапхан ұжымы осындай челлендж бастауға бет бұрдық.  Еліміздің, жұртымздың амандығн тілей отырып, төл мерекемізді жақсылап тойлауға шақырамын», – деді Үмітхан Мұңалбаева. Кітапханашылар бұдан әрі челленджді жалғастыру үшін Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасына жолдады. Ал эстафетаны қабыл алған мекеме қызметкерлері аталған челленджді әрі қарай Алматы облысы С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасына ұсынды.

-->