Қарулы Күштерде «Әскер барысы – 2021» турнирі өтеді
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жарыс көрермендерсіз өтеді. Жанкүйерлер жекпе-жекті Instagram және Facebook әлеуметтік желілердегі орталық спорт клубының (csk.kaz) ресми аккаунттары арқылы онлайн көрсетілім режимінде көре алады. 2018 – 2019 жылдары «Әскер барысы» турнирінің жеңімпазы әскери спортшы ефрейтор Ерасыл Қажыбаев атанғанын айта кету керек. Ол «Қазақстан Барысы» күміс белбеуін екі рет жеңіп алды.
--> "Қазақстан Республикасының барлық күш құрылымдарының қырықтан астам білекті палуандары «Әскер барысы» атағы үшін сайысқа түседі. Турнир финалистері қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алатын болады", – деді ҚР Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының төрағасы Айталап Құрғамбаев.Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жарыс көрермендерсіз өтеді. Жанкүйерлер жекпе-жекті Instagram және Facebook әлеуметтік желілердегі орталық спорт клубының (csk.kaz) ресми аккаунттары арқылы онлайн көрсетілім режимінде көре алады. 2018 – 2019 жылдары «Әскер барысы» турнирінің жеңімпазы әскери спортшы ефрейтор Ерасыл Қажыбаев атанғанын айта кету керек. Ол «Қазақстан Барысы» күміс белбеуін екі рет жеңіп алды.