Елорда жаңалықтары

Шетелдердегі танымал этникалық қазақтар

Әкбар Мәжит

қытай қазақтарының арасынан шыққан шоқтығы биік қаламгер, қайраткер, сол елдің саяси элитасының өкілі. Ол Қытайдың Іле аймағына қарас­ты Қорғас ауданында дүниеге келіп, 7 жасынан қытай тілінде білім алған. Ләнжу университетінің қытай әдебиеті факультетін бітірген. 40 жылдан бері Бейжіңде тұрады. 40 шақты кітаптың авторы. Шығармаларын қытай тілінде жазады. Қазақ тіліндегі бірқатар шығарманы да ханзу тілінде сөйлеткен. Бірқатар басшылық қызметтерді атқарған қаламгер «Қытай жазушылары» атты ең үлкен журналдың бас редакторы қызметін атқарып, кейіннен ҚХР Мемлекеттік сая­си кеңесінің мүшесі (бізше Парламент Мәжілісінің депутаты) болыпты. ҚХР Жазушылар қоғамының тұрақты мүшесі, Мемлекеттік сыйлығының иегері, Кино, телевизия жөніндегі комиссия төрағасының және Кино сценарий қоғамы төрағасының бірінші орынбасары. «Бейжің қалалық саяси кеңе­сінде 3 қарар, яғни 15 жыл, ал Мемлекеттік саяси кеңесте 2 қарар, яғни 10 жыл мүше болдым. Қалалық саяси кеңесте мүше болғанымда 15 жыл ішінде 284 ұсыныс жасаппын. Оның біршамасы жергілікті заңға айналды. Ал Мемлекеттік саяси кеңес мүшесі болғанымда 150-ге жуық ұсыныс айтыппын. Оның төртеуі мемлекеттік заңға айналды. Соның бірі – 30 қыркүйек күні мемлекеттің азат болуы жолында құрбан болғандарды еске алу күні болып бекітілді. Бұл ұсынысты мен 2010 жылы айттым. Ол 2013 жылы қабылданып, 2014 жылы іске қосылды. Содан бері әр жылдың 30 қыркүйегінде Қытай төрағасы бастаған парти­яның сая­си бюросының 7 мүшесі қаһармандарға арналған ескерткіш мұнарасының алдына барып, тағзым жасайды. Үшіншісі – Мемлекеттік Әнұран заңы. Тудағы жұлдыздардың заңы бұрыннан болса, Әнұран жөніндегі заң болмапты. Ол заң 2017 жылдың 1 қазанынан бастап жүзеге асырылды. Ал 2018 жылдың 1 мамырынан бастап Құрбан болған батырлардың абыройын қорғау заңы қабылданды. Қытайда 56 ұлт бар болса, оның 55-і – аз ұлттар қатарынан. Бірақ аз ұлттардың ішінде 22 аз санды ұлт бар. Олардың кейбірінің саны 100 мыңнан төмен. Мәдениетін, тілін сақтау сияқты аз ұлттардың мүддесін қорғау жөнінде мен 1987 жылдан бастап қызмет істедім», – деген болатын Әкбар Мәжит Елорда Инфо тілшісіне берген сұхбатында (2019 жыл, қаңтар). Жәдік Шенол – Германияда тұратын білікті нейрохирург, медицина ғылымдарының докторы. Жеті тілді жетік білетін Киль университеті ауруханасының нейрохирургі Қазақстанда көп болмаса да, ана тілін ұмытпай, ұлықтап жүрген азаматтардың бірі. Тіл ғана емес, білікті қазақ азаматы адамның ең күрделі әрі құдіретті ағзасы ми және мидың сан түрлі тамырына ота жасайтын Еуропадағы білікті әрі бірегей маман. Ол Азия, Америка елдеріне де жиі барып, осы саладағы танымын тереңдету жолында тынымсыз тер төгіп келеді. Жат елде дүниеге келгеніне қарамастан, дәрігердің балалары да қазақ тілін жетік білетін көрінеді. Қазақша әнді де нақышына келтіріп орындайды екен. Тілі немісше таза, алайда түрі мен қою қара шашына қарап, әлемнің әр түкпіріндегі науқастар «ұлтыңыз кім?», - деп сұраса, сондай сәтте дәрігер «қазақпын», - деп мақтанышпен жауап береді екен. Димаш Ниязов – АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында полиция қызметкері, кәсіпқой боксшы. 1989 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген Димаш АҚШ-қа 13 жасында ата-анасымен бірге көшіп барған. Өзінің айтуынша, ол кезде ағылшын тілін білмеген екен. Содан тура 13 жыл өткеннен соң Димаш Ниязов «Нью-Йорктің үздік полицейі» атанды. Ол ірі есірткі саудасымен айналысатын қылмыскерді құрықтауға көмектескен. Жедел шара кезінде Ниязов қолында героин толы дорбасы бар қылмыскерді қолға түсірген. Сонымен қатар Димаш Ниязов спорт әлемінде боксшы ретінде танымал. Былғары қолғап шебері оннан аса рет шаршы алаңда жұдырықтасқан. Кейбір дереккөзге сүйенсек, тек бір ғана жеңілісі бар. Өткен жылдың мамыр айында (WBC) әлемдік бокс кеңесінің ұйғарымымен Димаш Ниязов «Әлем батыры» атанды. Әсел Аяпова АҚШ-тың AES корпорациясының Арлингтондағы штаб-пәтерінде жұмыс істейді. Осы корпорацияның әлемнің 16 еліндегі халықаралық инновациялық бағдарламасын ұршықша иіріп, басқарып отыр. Ол жобаларды басқару саласындағы 15 жылдық тәжірибесінде 12 түрлі салада жұмыс істеп, жиынтық бюджеті 1 млрд АҚШ долларын құрайтын 30-дан аса жобаларды табысты аяқтаған. Әсел – Орал қаласында туып-өскен қарапайым қазақ қызы. Бүгінде үш баланың анасы. М.Ломоносов атындағы ММУ-ді, Варшавадағы Леон Кузьминский академиясы жанындағы бизнес мектебін бітірген. Стэнфорд және Джордж Вашингтон университетінде білімін жетілдіруде. «AES корпорациясы – әртүрлі активтері бар энер­гетикалық компания, оның көмір және күн сәулелерінен электр қуа­тын өндіретін станциялары әлем­дегі 17 мемлекетте бар. Бас кең­седе барлық өңірлер бойын­ша түрлі бағыттарға жетекші­лік ететін 200 адам қызмет етеді. Мен – энергетика саласында дрондарды қолдануды дамыту жөніндегі жаһандық инновациялық бағдарламаның директорымын. Халықаралық компанияда мұндай лауазымды иелену оңай емес, себебі АҚШ-та мықты менеджерлер өте көп. Мен өз бойымдағы еңбексүйгіштік, іскерлік, өз-өзімді таныту сияқты қасиеттердің арқасында табысқа жеттім деп ойлаймын. Қазір жаңа технологиялар (дрондар, роботтар) бо­йынша Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Азиядағы 16 мемлекеттің кәсіпкерлерімен, үкімет басшыларымен жұмыс істеймін. Қысқаша айтсақ, сертификатталған жобалардың жетекшісімін. Аталған жобалар құрылыста, өнеркәсіп индустриясында, энергетикада, қоршаған ортаны қорғау және «ақылды» қалалар саласында кеңінен қолданылады. Әлемдегі жетекші энергетикалық компаниялар биік ғимараттардың құрылысында немесе электр қуатының кернеуі аса жоғары жерлерде тексеру жұмыстарын жүргізгенде техникалық қауіпсіздікті арттыру мақсатында дрондарды қолдана бастады. Менің командам дрондарды сынақтан өткізіп, заманауи стандарттарды әзірлейді», – деген болатын «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Төлен Тілеубайға берген сұхбатында (2018 жыл, шілде). Өмірхан Алтын –Германия Журналистер одағының мүшесі, кәсіпкер-журналист, «Еуропа-Қазақ форумы» қоғамдық ұйымының төрағасы, Мюнхен қаласының тұрғыны. 1960 жылы Түркияда дүниеге келген. Университетті бітірген соң жоғары білімін жалғастыру мақсатында Батыс Германияға оқуға барған. Ол кезде Германия Батыс және Шығыс Германия болып бөлінген. Ө.Алтын Батыс Берлинде оқыған. Ондағы алғашқы мамандығы химия саласы болса, екіншісі – экономика. Алайда оқуын бітірген соң «Азаттық» радиосына жұмысқа қабылданып, журналистика саласына бет бұрған. Радионың орталығы Мюнхен қаласында болғандықтан, сонда көшіп барып, 10 жыл қызмет еткен. «1995 жылы «Азаттық» радиосы Прага қаласына көшіп кетті. Мен олармен бармай, жұмыстан шығып, Мюнхенде қалып қойдым. Содан бері сол қалада тұрып жатырмын. Журналистикадан бөлек, жеке кәсіпкерлікпен, қоғамдық жұмыстармен айналысамын. Құдайға шүкір, өзіміздің ана тілімізді ұмытқан жоқпыз. Қазақ тілін қосқанда 4 тіл білемін. Яғни түрік, неміс, ағылшын тілдерінде сөйлеймін. Енді атажұрттың гүлденуіне өзіміздің қандай да бір үлесімізді қоссақ деген ойымыз бар», – деген болатын Елорда Инфо тілшісіне берген сұхбатында (2019 жыл, маусым). Арман Дәулетияров – ресейлік медиаменеджер, Муз-ТВ ресейлік ұлттық музыкалық телеарнаның бұрынғы бас директоры. Ол 1970 жылы Орынбор облысының Қазақстанмен шекаралас аймағындағы Тамар-Өткел ауылында дүниеге келген. Мәскеудегі инженерлік-құрылыс институтында оқыған. 1993 жылдан бастап «МедиаСтар» продюсерлік орталығында еңбек жолын бастаған. Содан бері мәдениет саласында үздіксіз еңбек етіп келеді. 2021 жылдың ақпан айынан бастап «Русская медиагруппа» медиахолдингін басқарады. Мәдениет саласын дамытуға айрықша үлес қосқаны үшін Ресей Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталып, басқа да үлкен марапаттарға ие болған. Бір жылдары Ресейдің "Үздік жыл медиадиректоры" атанған. Сонымен қатар Қазақстанда өткен бірқатар халықаралық мәдени іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан. Кейбір дереккөзге сүйенсек, Ресейде туып-өссе де, Дәулетияров өзінің ана тілі қазақ тілін де жетік біледі. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанып, «Құрмет» орденімен марапатталған.

--> Әкбар Мәжит