Елордада желтоқсан қаһармандарымен кездесу өтті
Іс-шара барысында келген қонақтар 1986 жылғы көтеріліс жайлы айтып, сол кездегі бастан кешкен оқиғаларын әңгімелеп берді. Сондай-ақ іс-шарада "Желтоқсан қозғалысының қаһарманы" төсбелгісімен ақпараттық библиография бөлімінің басшысы Сағадат Иманбекова марапатталды. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" қазіргі таңда желтоқсан қаһармандарының өмірбаянын насихаттау, желтоқсан тарихын дәріптеу мақсатында шара ұйымдастырып отыр. Осы жоба аясында «Желтоқсан-86 — Тәуелсіздік Қырандары» деген қоғам құрылған. Сол қоғамның ұйымдастыруымен қазіргі таңда үлкен шаралар өткізіліп жатыр. Сонымен қатар көтеріліске қатысқандарды ел танысын деген мақсатпен кітаптар шығып жатыр. Бүгінгі кездесуде ақпараттық библиография бөлімінің басшысы Сағадат Иманбековаға "Желтоқсан қозғалысының қаһарманы" төсбелгісін табыстаймыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" директорының орынбасары Гүлмира Әбілқазы. Аталған шарада «Нағыз Желтоқсан» қоғамдық қорының президенті Құрманғазы Рахметов, «Рух пен Ар» кітабының авторы, жазушы Болат Төлепбергенов, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, ұстаз Гүлмира Серғазина сынды желтоқсаншылар желтоқсан жаңғырығын еске алып, жүрекжарды өлеңдерін арнап, жан шымырлатар әсерлерімен бөлісті. «1986 жыл күні кеше болғандай көз алдымда. Айтпағымыз ерлік жасадық, батырмыз деу емес. Алайда сол кездегі бойымыздағы патриоттық сезім, қайтпас қайсарлығымыз шеруге қарай алып шықты. Қазақтың қаршадай қызы болсақ та, билік басына қазақ емес, өзге ұлт өкілі келді дегенді естіген біз жайбарақат қарап отыра алмадық. Бойымызды қорқыныш пен үрей билеп сол күні алаңға қарай бет алдық. Желтоқсанның қақаған аязына қарамастан үстімізге мұздай суды құйып жібергенде өне бойымыз тоңса да берілмедік. Қазақтың батыр қыз-жігіттері алдыңғы сапта тұрып, бір ұл, бір қыз болып қатарласып дес бермеуге тырыстық. Нәтижесінде жалынды жастар мен сол кездегі белсенді, батыр азаматтардың арқасында Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Желтоқсан ол – тарих», - деді желтоқсаншы Гүлмира Серғазина. Желтоқсан тақырыбы Елбасының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақаласынан кейін жер-жерде жоғары деңгейде насихатталып жатыр. Соның бір айғағы ретінде ұйымдастырылып отырған бүгінгі шара жастарға үлгі, қазақ қоғамына керек дүние.
-->Іс-шара барысында келген қонақтар 1986 жылғы көтеріліс жайлы айтып, сол кездегі бастан кешкен оқиғаларын әңгімелеп берді. Сондай-ақ іс-шарада "Желтоқсан қозғалысының қаһарманы" төсбелгісімен ақпараттық библиография бөлімінің басшысы Сағадат Иманбекова марапатталды. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" қазіргі таңда желтоқсан қаһармандарының өмірбаянын насихаттау, желтоқсан тарихын дәріптеу мақсатында шара ұйымдастырып отыр. Осы жоба аясында «Желтоқсан-86 — Тәуелсіздік Қырандары» деген қоғам құрылған. Сол қоғамның ұйымдастыруымен қазіргі таңда үлкен шаралар өткізіліп жатыр. Сонымен қатар көтеріліске қатысқандарды ел танысын деген мақсатпен кітаптар шығып жатыр. Бүгінгі кездесуде ақпараттық библиография бөлімінің басшысы Сағадат Иманбековаға "Желтоқсан қозғалысының қаһарманы" төсбелгісін табыстаймыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" директорының орынбасары Гүлмира Әбілқазы. Аталған шарада «Нағыз Желтоқсан» қоғамдық қорының президенті Құрманғазы Рахметов, «Рух пен Ар» кітабының авторы, жазушы Болат Төлепбергенов, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, ұстаз Гүлмира Серғазина сынды желтоқсаншылар желтоқсан жаңғырығын еске алып, жүрекжарды өлеңдерін арнап, жан шымырлатар әсерлерімен бөлісті. «1986 жыл күні кеше болғандай көз алдымда. Айтпағымыз ерлік жасадық, батырмыз деу емес. Алайда сол кездегі бойымыздағы патриоттық сезім, қайтпас қайсарлығымыз шеруге қарай алып шықты. Қазақтың қаршадай қызы болсақ та, билік басына қазақ емес, өзге ұлт өкілі келді дегенді естіген біз жайбарақат қарап отыра алмадық. Бойымызды қорқыныш пен үрей билеп сол күні алаңға қарай бет алдық. Желтоқсанның қақаған аязына қарамастан үстімізге мұздай суды құйып жібергенде өне бойымыз тоңса да берілмедік. Қазақтың батыр қыз-жігіттері алдыңғы сапта тұрып, бір ұл, бір қыз болып қатарласып дес бермеуге тырыстық. Нәтижесінде жалынды жастар мен сол кездегі белсенді, батыр азаматтардың арқасында Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Желтоқсан ол – тарих», - деді желтоқсаншы Гүлмира Серғазина. Желтоқсан тақырыбы Елбасының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақаласынан кейін жер-жерде жоғары деңгейде насихатталып жатыр. Соның бір айғағы ретінде ұйымдастырылып отырған бүгінгі шара жастарға үлгі, қазақ қоғамына керек дүние.