«Абай әлемі» ғылыми байқауы жарияланды
Байқаудың мақсаты - Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жас ғалымдарды анықтау. Абайды заман талабына сай жаңа қырынан танытуға, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуына ықпал ету. Байқауға магистранттар мен студенттердің тек қазақ тіліндегі бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми мақалалары қабылданады. Қатысушылар арнайы тақырыптар бойынша ғылыми мақалаларын ұсынуы керек. Студенттер үшін: 1) «Абай мұрасы - рухани жаңғыру өзегі»; 2) «Абай шығармашылығының рухани арналары»; 3) «Абайдың көркемдік-эстетикалық әлемі». Магистранттар үшін: 1) «Абай шығармашылығының ренеcсанстық сипаты»; 2) «Қуғындалған абайтанушылар»; 3) «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі». Сыйақы қоры: Студенттер арасында: 1 орын – 400 000 тг (1 жүлде) 2 орын – 300 000 тг (2 жүлде) 3 орын – 200 000 тг (3 жүлде) Магистранттар арасында: 1 орын – 500 000 тг (1 жүлде) 2 орын – 400 000 тг (2 жүлде) 3 орын – 300 000 тг (3 жүлде) Өтініштер мен мақалалар 2021 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдеге дейін abai_fond@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Жеңімпаздар 2021 жылдың тамыз айында анықталады. Байқау ережесі туралы толық ақпаратты мына сайттардан 1, 2, 3 білуге болады. Байланыс тел.: 8 7172 27 26 09, abai_fond@mail.ru
-->Байқаудың мақсаты - Абай мұрасын кеңінен насихаттау, дарынды жас ғалымдарды анықтау. Абайды заман талабына сай жаңа қырынан танытуға, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуына ықпал ету. Байқауға магистранттар мен студенттердің тек қазақ тіліндегі бұрын жарияланбаған, түпнұсқадағы ғылыми мақалалары қабылданады. Қатысушылар арнайы тақырыптар бойынша ғылыми мақалаларын ұсынуы керек. Студенттер үшін: 1) «Абай мұрасы - рухани жаңғыру өзегі»; 2) «Абай шығармашылығының рухани арналары»; 3) «Абайдың көркемдік-эстетикалық әлемі». Магистранттар үшін: 1) «Абай шығармашылығының ренеcсанстық сипаты»; 2) «Қуғындалған абайтанушылар»; 3) «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі». Сыйақы қоры: Студенттер арасында: 1 орын – 400 000 тг (1 жүлде) 2 орын – 300 000 тг (2 жүлде) 3 орын – 200 000 тг (3 жүлде) Магистранттар арасында: 1 орын – 500 000 тг (1 жүлде) 2 орын – 400 000 тг (2 жүлде) 3 орын – 300 000 тг (3 жүлде) Өтініштер мен мақалалар 2021 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдеге дейін abai_fond@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Жеңімпаздар 2021 жылдың тамыз айында анықталады. Байқау ережесі туралы толық ақпаратты мына сайттардан 1, 2, 3 білуге болады. Байланыс тел.: 8 7172 27 26 09, abai_fond@mail.ru