Елордада 3904 жас әлеуметтік қорғау шаралары арқылы жұмыспен қамтылды
Елордада жастарға психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі, сондай-ақ Transformation жобасы бойынша жұмысқа орналасуда және қиын өмірлік жағдайларды еңсеруде қолдау білдіру жұмыстары атқарылады. Бағдарламаны Нұр-Сұлтан әкімдігі жастарды әлеуметтендіру, NEET санатының үлесін және қаладағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін іске асыруда. Бұл туралы Елорда Инфо қалалық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. «Аталған жұмыстар «Шанс» жастарды қолдау орталығында жүргізілуде. Карантин кезінде балалар онлайн форматта қабылданады. Осы уақыт ішінде 10 адам психологиялық көмек алды, ақпараттық қызмет түрін – 35 және 30 адам кеңес алды. 10 жас азаматқа құжаттарын қалпына келтіруіне көмек көрсетіліп, төрт кәмелетке толмаған бала маусымдық жұмыспен қамтылды. 16 жас азаматқа электронды цифрлы қолтаңба алуға көмек көрсетілді. ПШО көмегімен жастар жәрдемақы рәсімдей алады немесе сот процестерінде өз құқықтарын қорғай алады», – деп атап өтті жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма өкілдері. Әңгімелесе келе, жастар көбінесе жұмысқа, тұрғын үйдің жетіспеуіне және тұрғын үй жағдайларын жақсарту мүмкіндіктерінің болмауына наразы екенін байқауға болады. Көбінесе балалар жоғары жалақыны қажет етеді. Барлық ақпарат кейін жастар ортасын зерттеуге арналған мәліметтер базасын құру үшін жиналады. «Егер жұмысқа орналасудағы нақты қолдау туралы айтатын болсақ, оларды «Атамекен» ҰКП астаналық филиалы ашқан мобильді жұмыспен қамту орталықтарына жібереді, олар локдаунға дейін ірі базарлар мен сауда орталықтарында жұмыс істеді. Қазіргі уақытта ЖҚО онлайн-режимде жұмыс істейді», - дейді мамандар. Жалпы, жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда әлеуметтік қорғау шаралары арқылы 3904 жас жұмыспен қамтылды. Осылайша, тұрақты жұмысқа 2948 адам, жастар тәжірибесіне – 278, әлеуметтік жұмыс орындарына – 26 және қоғамдық жұмыстарға – 652 адам орналастырылды. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 16-29 жас аралығындағы 1138 адам жұмысқа орналасты. Сондай-ақ, жыл басынан бері «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша алты жас жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 3,18 млн теңге көлемінде грантқа ие болды.
-->Елордада жастарға психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі, сондай-ақ Transformation жобасы бойынша жұмысқа орналасуда және қиын өмірлік жағдайларды еңсеруде қолдау білдіру жұмыстары атқарылады. Бағдарламаны Нұр-Сұлтан әкімдігі жастарды әлеуметтендіру, NEET санатының үлесін және қаладағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін іске асыруда. Бұл туралы Елорда Инфо қалалық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. «Аталған жұмыстар «Шанс» жастарды қолдау орталығында жүргізілуде. Карантин кезінде балалар онлайн форматта қабылданады. Осы уақыт ішінде 10 адам психологиялық көмек алды, ақпараттық қызмет түрін – 35 және 30 адам кеңес алды. 10 жас азаматқа құжаттарын қалпына келтіруіне көмек көрсетіліп, төрт кәмелетке толмаған бала маусымдық жұмыспен қамтылды. 16 жас азаматқа электронды цифрлы қолтаңба алуға көмек көрсетілді. ПШО көмегімен жастар жәрдемақы рәсімдей алады немесе сот процестерінде өз құқықтарын қорғай алады», – деп атап өтті жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма өкілдері. Әңгімелесе келе, жастар көбінесе жұмысқа, тұрғын үйдің жетіспеуіне және тұрғын үй жағдайларын жақсарту мүмкіндіктерінің болмауына наразы екенін байқауға болады. Көбінесе балалар жоғары жалақыны қажет етеді. Барлық ақпарат кейін жастар ортасын зерттеуге арналған мәліметтер базасын құру үшін жиналады. «Егер жұмысқа орналасудағы нақты қолдау туралы айтатын болсақ, оларды «Атамекен» ҰКП астаналық филиалы ашқан мобильді жұмыспен қамту орталықтарына жібереді, олар локдаунға дейін ірі базарлар мен сауда орталықтарында жұмыс істеді. Қазіргі уақытта ЖҚО онлайн-режимде жұмыс істейді», - дейді мамандар. Жалпы, жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда әлеуметтік қорғау шаралары арқылы 3904 жас жұмыспен қамтылды. Осылайша, тұрақты жұмысқа 2948 адам, жастар тәжірибесіне – 278, әлеуметтік жұмыс орындарына – 26 және қоғамдық жұмыстарға – 652 адам орналастырылды. Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша 16-29 жас аралығындағы 1138 адам жұмысқа орналасты. Сондай-ақ, жыл басынан бері «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша алты жас жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 3,18 млн теңге көлемінде грантқа ие болды.